Сандықтау ауданы Лесной ауылдық округі Лесное ауылының көшесін қайта атау туралы

Ақмола облысы Сандықтау ауданы Лесной ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 22 қарашадағы № 1 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 14 желтоқсанда № 6939 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35, 37 баптарына сәйкес, халықтың пікірін ескере отырып және Ақмола облыстық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 5 қазандағы қорытындысы негізінде, Лесной ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Сандықтау ауданы Лесной ауылдық округі Лесное ауылының Шоссейная көшесі Ақжол көшесіне қайта аталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Лесной ауылдық
округінің әкімі
Р.Жұманов

О переименовании улицы села Лесное Лесного сельского округа Сандыктауского района

Решение акима Лесного сельского округа Сандыктауского района Акмолинской области от 22 ноября 2018 года № 1. Зарегистрировано Департаментом юстиции Акмолинской области 14 декабря 2018 года № 6939

      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии с подпунктом 4) статьи 14 Закона Республики Казахстан от 8 декабря 1993 года "Об административно-территориальном устройстве Республики Казахстан", статьями 35, 37 Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республики Казахстан", с учетом мнения населения и на основании заключения Акмолинской областной ономастической комиссии от 5 октября 2018 года, аким Лесного сельского округа РЕШИЛ:

      1. Переименовать улицу Шоссейная села Лесное Лесного сельского округа Сандыктауского района на улицу Акжол.

      2. Контроль за исполнением настоящего решения оставляю за собой.

      3. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в Департаменте юстиции Акмолинской области и вводится в действие со дня официального опубликования.

      Аким Лесного
сельского округа
Р.Жуманов