Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Целиноград аудандық мәслихатының 27.09.2021 № 73/14-7 (алғаш рет ресми жарияланғанна кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1-бабының 3) тармақшасына сәйкес Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса беріліп отырған сот шешімімен Целиноград ауданының коммуналдық меншігіне түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары бекітілсін.
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Целиноград аудандық мәслихаты сессиясының төрайымы |
С.Абеева |
Целиноград аудандық мәслихатының хатшысы |
Б.Жанбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Целиноград ауданының әкімі |
М.Тәткеев |
17.01.2018
Целиноград аудандық мәслихатының 2018 жылғы 17 қаңтардағы № 176/24-6 шешімімен бекітілген |
Сот шешімімен Целиноград ауданының коммуналдық меншігіне түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы сот шешімімен Целиноград ауданының коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 20-1-бабының 5) тармақшасына сәйкес әзірленді және сот шешiмiмен Целиноград ауданының коммуналдық меншiгіне түскен болып танылған иесiз қалдықтарды басқару тәртiбiн айқындайды.
2. Иесіз қалдықтарды Целиноград ауданының коммуналдық меншігіне беру сот шешімінің негізінде жүзеге асырылады.
3. Иесіз қалдықтарды басқаруды Целиноград ауданының әкімдігімен (бұдан әрі – аудан әкімдігі) жүзеге асырады.
4. Иесіз қалдықтарды басқару мақсатында аудан әкімдігімен мүдделі құрылымдық бөлімшелерінің өкілдерінен комиссия құрылады (бұдан әрі – комиссия).
Иесіз қалдықтарды басқару бойынша жұмыстарды ұйымдатыратын орган ретінде "Целиноград ауданының тұрғын үй инспекция және коммуналдық шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесі белгіленеді.
5. Иесіз қалдықтарды басқару – бұл қалдықтарды бағалау, есепке алу, одан әрі пайдалану, іске асыру, кәдеге жарату және жою бойынша қызмет.
2- тарау. Сот шешімімен Целиноград ауданының коммуналдық меншігіне түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару тәртібі
6. Иесіз қалдықтарды есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 қаулысымен бекітілген Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану қағидаларына сәйкес атқарылады.
7. Талап етілмеген иесіз қалдықтарды қауіпсіз кәдеге жарату және жою бойынша жұмыстарды ұйымдастыруды аудан әкімдігімен коммиссияның ұсыныстарын ескере отырып Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының талаптарына сәйкес жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырады.
8. Иесіз қалдықтарды кәдеге жарату және жою бойынша көрсетілетін қызметтерді жеткізушіні таңдау Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
9. Иесіз қалдықтар іске сатылғаннан, кәдеге жаратылғаннан және жойылғаннан кейін олардың орналасқан аумақтарын қалпына келтіру Қазақстан Республикасының жер заңнамасының талаптарына сәйкес жүргізіледі.
3-тарау. Қорытынды ереже
10. Иесіз қадықтармен жұмыс iстеу барысында Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында көзделген талаптар сақталады.