РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсанындағы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35, 37 - баптарына сәйкес, халықтың пікірін ескере отырып және Ақмола облыстық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 5 қазандағы қорытындысы негізінде, Краснояр ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Целиноград ауданы Жалғызқұдық ауылының көшелері қайта аталсын:
Суворов көшесін Жерұйық көшесіне;
Мира көшесін Бейбітшілік көшесіне;
Пятилетка көшесін Желтоқсан көшесіне;
Спортивная көшесін Алаш көшесіне;
Механизаторская көшесін Ұлы дала көшесіне.
2. Целиноград ауданы Красноярка ауылының көшелері қайта аталсын:
Советская көшесін Тәуелсіздік көшесіне;
Победа көшесін Жеңіс көшесіне;
Энгельса көшесін Достық көшесіне;
Набережная көшесін Жағалау көшесіне.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Краснояр ауылдық округі әкімі |
М.Сағынтаев |