РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35, 37 - баптарына сәйкес, тұрғындар пікірін ескере отырып және Ақмола облыстық ономастикалық комиссиясының 2018 жылғы 5 қазандағы қорытындысы негізінде Талапкер ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Целиноград ауданы Қызыл суат ауылының көшелеріне атаулар берілсін:
№ 1 көшесіне - Жас өркен;
№ 2 көшесіне - Жас тілек;
№ 5 көшесіне - Жас дәурен;
№ 8 көшесіне - Жұмыскер;
№ 13 көшесіне - Майбұлақ;
№ 14 көшесіне - Темірқазық;
№ 15 көшесіне - Теректі.
2. Целиноград ауданы Қызыл суат ауылының көшелері қайта аталсын:
Новая көшесін Жаңғыру көшесіне;
Степная көшесін Дархан дала көшесіне.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Талапкер ауылдық округінің әкімі |
О.Касымов |