РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсанындағы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35, 37 - баптарына сәйкес, халықтың пікірін ескере отырып және Ақмола облыстық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 5 қазандағы қорытындысы негізінде, Тасты ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Целиноград ауданы Тасты ауылының құрамдас бөліктері қайта аталсын:
Октябрьская көшесін Сабыр Ниязбеков көшесіне;
Революционная көшесін Мұхтар Әуезов көшесіне;
Интернациональная көшесін Ахмет Байтұрсынұлы көшесіне;
Молодежная көшесін Бауыржан Момышұлы көшесіне;
Луговая көшесін Сарыарқа көшесіне;
Школьная тұйық көшесін Береке тұйық көшесіне;
Дружбы көшесін Алаш көшесіне;
Сенная тұйық көшесін Бірлік тұйық көшесіне.
2. Целиноград ауданы Ақмешіт ауылының көшелері қайта аталсын:
Казахстанская көшесін Тәуке хан көшесіне;
Приишимская көшесін Есіл көшесіне;
Школьная көшесін Ыбырай Алтынсарин көшесіне.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Тасты ауылдық округі әкімі |
Б.Аппасов |