Шортанды аудандық мәслихатының 2013 жылғы 25 қазандағы № С-21/3 "Шортанды ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Ақмола облысы Шортанды аудандық мәслихатының 2018 жылғы 2 қазандағы № С-31/2 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 22 қазанда № 6806 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Шортанды аудандық мәслихатының 2019 жылғы 29 тамыздағы № С-46/3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Шортанды аудандық мәслихатының 29.08.2019 № С-46/3 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Шортанды аудандық мәслихатының "Шортанды ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 25 қазандағы № С-21/3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3884 тіркелген, 2013 жылдың 30 қарашасында аудандық "Вести", "Өрлеу" газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Шортанды ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:

      2-тармақтың 9) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "9) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;";

      8-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "8. Әлеуметтік көмек алушылар санатының тізбесі:

      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері;

      жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жағынан Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне теңестiрiлген адамдар;

      жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жөнiнен соғысқа қатысушыларға теңестiрiлген адамдардың басқа да санаттары;

      ең төмен және ең төмен зейнетақы мөлшерінен төмен алатын зейнеткерлер;

      мүгедектер;

      туберкулезбен аурулары;

      табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматтары (отбасылары);

      аз қамтылған азаматтары (отбасылары);

      16-жасқа дейінгі мүгедек баланы тәрбиелеп отырған тұлғалары;

      онкологиялық аурулары;

      1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен қалтқысыз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған тұлғалар;

      аз қамтылған, көп балалы (отбасылардың), халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын, жоғарғы медициналық оқу мекемелерінде оқитын студенттер.

      Бұл ретте азаматтарды өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар негіз болады:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздемелер;

      2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру немесе әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы;

      3) ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста белгіленбейтін шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың бар болуы.

      Арнайы комиссиялар әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарған кезде жоғарыда бекітілген тізбе негізінде басшылыққа алады.";

      9-тармақтың 2) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "2) Қарттар күніне орай:

      ең төмен және ең төмен зейнетақы мөлшерінен төмен алатын зейнеткерлерге;".

      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың
сессия төрайымы
Ғ.Мұқанова
      Аудандық мәслихаттың
хатшысы
Д.Отаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Шортанды ауданының
әкімі
Г.Сәдуақасова

      02.10.2018 ж.

О внесении изменений в решение Шортандинского районного маслихата от 25 октября 2013 года № С-21/3 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Шортандинском районе"

Решение Шортандинского районного маслихата Акмолинской области от 2 октября 2018 года № С-31/2. Зарегистрировано Департаментом юстиции Акмолинской области 22 октября 2018 года № 6806. Утратило силу решением Шортандинского районного маслихата Акмолинской области от 29 августа 2019 года № С-46/3

      Сноска. Утратило силу решением Шортандинского районного маслихата Акмолинской области от 29.08.2019 № С-46/3 (вводится в действие со дня официального опубликования).
      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии со статьей 56 Бюджетного кодекса Республики Казахстан от 4 декабря 2008 года, с пунктом 2-3 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 мая 2013 года № 504 "Об утверждении Типовых правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан", Шортандинский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Шортандинского районного маслихата "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Шортандинском районе" от 25 октября 2013 года № С-21/3 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 3884, опубликовано 30 ноября 2013 года в районных газетах "Вести", "Өрлеу") следующие изменения:

      в Правилах оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Шортандинского района, утвержденных указанным решением:

      подпункт 9) пункта 2 изложить в новой редакции:

      "9) Государственная корпорация "Правительство для граждан" (далее – уполномоченная организация) – юридическое лицо, созданное по решению Правительства Республики Казахстан, для оказания государственных услуг в соответствии с законодательством Республики Казахстан, организации работы по приему заявлений на оказание государственных услуг и выдаче их результатов услугополучателю по принципу "одного окна", а также обеспечения оказания государственных услуг в электронной форме;";

      пункт 8 изложить в новой редакции:

      "8. Перечень категорий получателей социальной помощи:

      участники и инвалиды Великой Отечественной войны;

      лица, приравненные по льготам и гарантиям к участникам и инвалидам Великой Отечественной войны;

      другие категории лиц, приравненных по льготам и гарантиям к участникам войны;

      пенсионеры с минимальным и ниже минимального размером пенсии;

      инвалиды;

      больные туберкулезом;

      граждане (семьи), пострадавшие вследствие стихийного бедствия или пожара;

      малообеспеченные граждане (семьи);

      лица, воспитывающие ребенка-инвалида до 16 лет;

      онкологические больные;

      лица, проработавшие (прослужившие) не менее шести месяцев с 22 июня 1941 года по 9 мая 1945 года и не награжденные орденами и медалями бывшего Союза ССР за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу в годы Великой Отечественной войны;

      студенты из числа малообеспеченных, многодетных (семей), социально-уязвимых слоев населения обучающиеся в высших медицинских учебных заведениях.

      При этом основаниями для отнесения граждан к категории нуждающихся при наступлении трудной жизненной ситуации являются:

      1) основания, предусмотренные законодательством Республики Казахстан;

      2) причинение ущерба гражданину (семье) либо его имуществу вследствие стихийного бедствия или пожара, либо наличие социально-значимого заболевания;

      3) наличие среднедушевого дохода, не превышающего порога, в однократном отношении к прожиточному минимуму.

      Специальные комиссии при вынесении заключения о необходимости оказания социальной помощи руководствуются выше утвержденным перечнем оснований.";

      подпункт 2) пункта 9 изложить в новой редакции:

      "2) Ко дню пожилых:

      пенсионерам с минимальным и ниже минимального размером пенсии;".

      2. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в Департаменте юстиции Акмолинской области и вводится в действие со дня официального опубликования.

      Председатель сессии
районного маслихата
Г.Муканова
      Секретарь районного
маслихата
Д.Отаров

      "СОГЛАСОВАНО"

      Аким Шортандинского
района
Г.Садвокасова

      02.10.2018 г.