Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 30.05.2024 № 173 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақтөбе қалалық мәслихатының 2016 жылғы 23 қарашадағы № 114 "Ақтөбе қаласында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5179 болып тіркелген, 2017 жылғы 13 қаңтарында электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген, Ақтөбе қаласында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларында:
"Жалпы ережелер" 1-тарауда:
2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Ақтөбе облысы бойынша филиалы" (бұдан әрі - уәкілетті ұйым);";
"Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесі және әлеуметтік көмектің мөлшерлері" 2-тарауда:
11-тармақтың 13), 14) тармақшалары алынып тасталсын;
келесі мазмұндағы 11-1-тармақпен толықтырылсын:
"11-1. Қала нарығында талап етілетін мамандықтар бойынша оқудың күндізгі нысанының оқуын төлеу үшін: жетім балалар; балалар үйінің түлектері; бала кезінен мүгедектер; ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; төрт және одан да көп бірге тұрып жатқан кәмелетке толмаған балалары оның ішінде орта, техникалық және кәсіптік, орта білімінен кейінгі білім беретін ұйымдарда, жоғары оқу орындарында күндізгі оқу нысанында оқитын балалары бар көп балалы отбасылар, балалары кәмелеттік жасқа толғаннан кейін олар оқу орнын бітіретін уақытқа дейін (бірақ әрі дегенде жиырма үш жасқа толғанға дейін) көп балалы отбасылар балалары:
Ақтөбе қаласының арнаулы орта оқу орындарында оқудың іс жүзіндегі құны мөлшерінде жүргізіледі және 180 000 (жүз сексен мың) теңгеден артық емес мөлшерде оқу жылы ішінде екі бөліп аударылады.
Оқуға ақшалай төлем есебінен оқытылатын мамандықтар тізбесін арнайы комиссия анықтайды.
Әлеуметтік көмек студенттерге жергілікті бюджет қаражаты есебінен, жылына бір рет, оқу орнының білім беру қызметінің құны шегіндегі жыл сайынғы төлемдерді өтеуге көрсетіледі;
Республикасының денсаулық сақтау жоғары оқу орындарында күндізгі оқу нысанында талап етілетін клиникалық мамандықтар аясында оқитын резидентура тыңдаушыларына, жоғарғы оқу орнынан кейінгі бағдарламалар бойынша оқытудың өтемелі шартын ұсынған кезде, әлеуметтік көмек, кірісті есепке алмай оқудын ақшалай құны мөлшерінде, "Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекеменің ұсынуымен көрсетіледі".
2. "Ақтөбе қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді аумақты әділет органында мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы шешімді Ақтөбе қалалық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақтөбе қалалық мәслихатының сессия төрағасы |
Е. Татимов |
Ақтөбе қалалық мәслихатының хатшысы |
С. Шынтасова |
КЕЛІСІЛДІ: Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы |
Қ. Отаров |
2018 жылғы "__" _________ |