Алға ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы

Ақтөбе облысы Алға ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 25 қаңтардағы № 48 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 7 ақпанда № 5891 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі "Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы" Заңының 3-бабының 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Алға ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Алға ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері айқындалсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ә. Қонжарға жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алға ауданы әкімі Н. Алдияров

  Алға ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 25 қаңтартардағы № 48 қаулысына қосымша

Алға ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі және оларға ақшалай сыйақының мөлшері

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Алға ауданы әкімдігінің 11.09.2020 № 291 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Көтермелеудің түрлері

      1. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері:

      1) алғыс жариялау;

      2) грамотамен марапаттау;

      3) ақшалай сыйақы беру.

Көтермелеудің тәртібі

      2. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын, қылмыстардың алдын алуға және ашуға ықпал еткен азаматтарды көтермелеу мәселелерiн Алға ауданының әкімдігімен құрылған қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысатын, қылмыстардың алдын алуға және ашуға ықпал еткен азаматтарды көтермелеу жөніндегі комиссия (бұдан әрi – Комиссия) қарайды.

      3. Қоғамдық тәртіпті қорғауға, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, қылмыстың алдын алуға және жолын кесуге белсенді қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі ұсыныстарды комиссияның қарауына Алға аудандық ПБ * бастығы ұсынады.

      4. Комиссия қабылдаған шешім - көтермелеу үшін, ал комиссия қабылдаған шешімге сәйкес Ақтөбе облысының * ПД бастығының бұйрығы - көтермелеуге ақы төлеу үшін негіз болып табылады.

      5. Көтермелеу түрiн, соның iшiнде ақшалай сыйақы мөлшерiн, көтермеленушінің қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қосқан үлесiн ескере отыра, Комиссия белгiлейдi.

Ақшалай сыйақының мөлшері

      6. Ақшалай сыйақының мөлшерi комиссиямен белгiленеді және он еселік айлық есептiк көрсеткiштен аспайды.

      7. Ақшалай сыйақы төлеу облыстық бюджет қаражаты есебiнен Алға аудандық ПБ жүргiзіледі.

      8. Көтермелеуге ақы төлеуге арналған қаражат Ақтөбе облысы ПД шығыстарының құрамында жеке бағдарламамен көзделедi.

      Ескертпе: қысқарған сөздердің толық жазылуы:

      * ПБ – Полиция бөлімі

      * ПД – Полиция департаменті

Об определении видов и порядка поощрений, а также размера денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в Алгинском районе

Постановление акимата Алгинского района Актюбинской области от 25 января 2018 года № 48. Зарегистрировано Департаментом юстиции Актюбинской области 7 февраля 2018 года № 5891

      В соответствии со статьей 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", подпунктом 3) пункта 2 статьи 3 Закона Республики Казахстан от 9 июля 2004 года "Об участии граждан в обеспечении общественного порядка", акимат Алгинского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Определить виды и порядок поощрений, а также размер денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в Алгинском районе согласно приложению к настоящему постановлению.

      2. Контроль за исполнением данного постановления возложить на заместителя акима района А. Конжар.

      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким Алгинского района Н. Алдияров

  Приложение к постановлению акимата Алгинского района от 25 января 2018 года № 48

Виды и порядок поощрений, а также размер денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в Алгинском районе

      Сноска. Приложение – в редакции постановлением акимата Алгинского района Актюбинской области от 11.09.2020 № 291 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Виды поощрения

      1. Виды поощрений граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка:

      1) объявление благодарности;

      2) награждение грамотой;

      3) денежное вознаграждение.

Порядок поощрения

      2. Вопросы поощрения граждан, участвующих в охране общественного порядка, способствовавших предупреждению и пресечению преступлений, рассматриваются комиссией по поощрению граждан, участвующих в охране общественного порядка, способствовавших предупреждению и пресечению преступлений (далее – Комиссия), созданной акиматом Алгинского района

      3. Предложения по поощрению граждан, принимающих активное участие в охране общественного порядка, обеспечении общественной безопасности, предупреждении пресечении преступлений, на рассмотрение комиссии вносит начальник ОП* Алгинского района.

      4. Решение, принятое комиссией, является основанием для поощрения, а приказ начальника ДП* Актюбинской области в соответствии с принятым решением комиссии - для оплаты поощрений

      5. Вид поощрения, в том числе размер денежного вознаграждения, устанавливается Комиссией с учетом внесенного поощряемым вклада в обеспечение общественного порядка.

Размер денежного вознаграждения

      6. Размер денежного вознаграждения устанавливается комиссией и не превышает десятикратного месячного расчетного показателя.

      7. Выплата денежного вознаграждения производится ОП Алгинского района, за счет средств областного бюджета.

      8. Средства на выплату поощрений предусматриваются в составе расходов ДП Актюбинской области отдельной программой.

      Примечание: расшифровка аббревиатур:

      * ОП – Отдел полиции

      * ДП –Департамент полиции