Байғанин ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемесін арттыру туралы

Ақтөбе облысы Байғанин аудандық мәслихатының 2018 жылғы 20 наурыздағы № 142 шешімі. Ақтөбе облысы Әділет департаментінің Байғанин аудандық Әділет басқармасында 2018 жылғы 5 сәуірде № 3-4-165 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Байғанин аудандық мәслихатының 2019 жылғы 25 желтоқсандағы № 285 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Байғанин аудандық мәслихатының 25.12.2019 № 285 шешімімен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 704 бабының 3 тармағына сәйкес, Байғанин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Байғанин ауданы бойынша Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемесі он есеге арттырылсын.

      2. "Байғанин аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Байғанин аудандық Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін;

      3) осы шешімді Байғанин аудандық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Байғанин аудандық
мәслихатының сессия төрағасы
К. Табынбаева
      Байғанин аудандық
мәслихатының хатшысы
Б. Турлыбаев

О повышении ставок единого земельного налога на не используемые земли сельскохозяйственного назначения по Байганинскому району

Решение маслихата Байганинского района Актюбинской области от 20 марта 2018 года № 142. Зарегистрировано Управлением юстиции Байганинского района Департамента юстиции Актюбинской области 5 апреля 2018 года № 3-4-165. Утратило силу решением маслихата Байганинского района Актюбинской области от 25 декабря 2019 года № 285

      Сноска. Утратило силу решением маслихата Байганинского района Актюбинской области от 25.12.2019 № 285 (вводится в действие с 01.01.2020).

      В соответствии со статьей 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республики Казахстан", с пунктом 3 статьи 704 Кодекса Республики Казахстан от 25 декабря 2017 года "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" (Налоговый кодекс), Байганинский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Повысить ставки единого земельного налога в десять раз на не используемые земли сельскохозяйственного назначения по Байганинскому району в соответствии с земельным законодательством Республики Казахстан.

      2. Государственному учреждению "Аппарат Байганинского районного маслихата" в установленном законодательном порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего решения в Управлении юстиции Байганинского района;

      2) направление настоящего решения на официальное опубликование в периодических печатных изданиях и Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего решения на интернет-ресурсе маслихата Байганинского района.

      3. Настоящее решения вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии
Байганинского районного маслихата
К. Табынбаева
      Секретарь Байганинского
районного маслихата
Б. Турлыбаев