Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Байғанин аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2018 жылғы 30 қарашадағы № 223 ұсынысы негізінде, Қопа ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қопа ауылдық округінің Көптоғай елді мекені аумағында мүйізді ірі қара мал арасында қарасан ауруын жою бойынша ветеринарлық-санитарлық іс-шаралар кешенінің жүргізілуіне байланысты белгіленген карантин алынсын.
2. Байғанин ауданы Қопа ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 5 қарашадағы № 10 "Қопа ауылдық округінің Көптоғай елді мекені аумағында карантин белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-4-184 тіркелген, 2018 жылғы 13 қарашада Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қопа ауылдық округінің әкімі | М. Байтақ |