Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылдық округі әкімінің 27.06.2018 № 137 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Байғанин аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2018 жылғы 27 ақпандағы № 34 ұсынысы негізінде, Қарауылкелді ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қарауылкелді ауылдық округінің Көкбұлақ ауылы аумағында ірі қара малдар арасынан бруцеллез ауруының анықталуына байланысты, шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. "Қарауылкелді ауылдық округі әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Байғанин аудандық Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қарауылкелді ауылдық округінің әкімі |
С. Жұбан |