Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы" Заңының 7 бабына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Ырғыз аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ырғыз аудандық мәслихатының 2018 жылғы 5 наурыздағы № 134 "Ырғыз ауданы бойынша 2018–2019 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3-5-169 тіркелген, 2018 жылғы 3 сәуірдегі аудандық "Ырғыз" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. "Ырғыз аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Ырғыз аудандық Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы шешімді Ырғыз ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың сессия төрағасы |
Қ. Бөлек |
Аудандық мәслихаттың хатшысы |
К. Қосаяқов |