Қарғалы ауданы бойынша ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар белгілеу туралы

Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 28 мамырдағы № 182 қаулысы. Ақтөбе облысы Әділет департаментінің Қарғалы аудандық Әділет басқармасында 2018 жылғы 14 маусымда № 3-6-160 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 236 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы әкімдігінің 31.12.2019 № 236 қаулысымен (вводится в действие с 01.01.2020).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9 бабының 9) тармақшасына, 27 бабының 1 тармағының 4) тармақшасына және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 13898 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Қарғалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қарғалы ауданы бойынша ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, жұмысқа орналастыру үшін ұйымның жұмыскерлерінің тізімдік санының үш пайызы мөлшерінде үйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан жұмыс орындарына квота белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары І. Тынымгереевке жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Р. Сыдықов

Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования по Каргалинскому району

Постановление акимата Каргалинского района Актюбинской области от 28 мая 2018 года № 182. Зарегистрировано Управлением юстиции Каргалинского района Департамента юстиции Актюбинской области 14 июня 2018 года № 3-6-160. Утратило силу постановлением акимата Каргалинского района Актюбинской области от 31 декабря 2019 года № 236

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Каргалинского района Актюбинской области от 31.12.2019 № 236 (вводится в действие с 01.01.2020).

      В соответствии статьей 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республики Казахстан", подпунктом 9) статьи 9, подпунктом 4) пункта 1 статьи 27 Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О занятости населения" и приказом Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 26 мая 2016 года № 412 "Об утверждении Правил квотирования рабочих мест для трудоустройства граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования, лиц, освобожденных из мест лишения свободы, лиц, состоящих на учете службы пробации", (зарегистрированного в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 13898), акимат Каргалинского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Установить квоту рабочих мест для трудоустройства граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования в размере трех процентов от списочной численности работников организации независимо, от организационно-правовой форме и формы собственности по Каргалинскому району.

      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима района И. Тынымгереева.

      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким района Р. Сыдыков