2018 жылға Қобда ауданы бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Ақтөбе облысы Қобда аудандық әкімдігінің 2018 жылғы 26 сәуірдегі № 74 қаулысы. Ақтөбе облысы Әділет департаментінің Қобда аудандық Әділет басқармасында 2018 жылғы 5 мамырда № 3-7-165 болып тіркелді. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9, 27 баптарына, 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінің 18 бабына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13898 тіркелген) бұйрығына сәйкес, Қобда ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2018 жылға Қобда ауданы бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін ұйым жұмыскерлері тізімдік санының екі пайызы мөлшерінде ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан жұмыс орындарына квота белгіленсін.

      2. "Қобда аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада көрсетілген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Қобда аудандық Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы қаулыны Қобда ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е. Қалдығұловқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі М. Шермағанбет

Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации по Кобдинскому району на 2018 год

Постановление акимата Кобдинского района Актюбинской области от 26 апреля 2018 года № 74. Зарегистрировано Управлением юстиции Кобдинского района Департамента юстиции Актюбинской области 5 мая 2018 года № 3-7-165. Прекращено действие в связи с истечением срока

      В соответствии со статьей 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республики Казахстан", статьями 9, 27 Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О занятости населения", статьей 18 Уголовно-исполнительного кодекса Республики Казахстан от 5 июля 2014 года и приказом Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 26 мая 2016 года № 412 "Об утверждении Правил квотирования рабочих мест для трудоустройства граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования, лиц, освобожденных из мест лишения свободы, лиц, состоящих на учете службы пробации", (зарегистрированное в реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 13898), акимат Кобдинского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Установить квоту рабочих мест, для трудоустройства лиц состоящих на учете службы пробации в размере двух процентов от списочной численности работников организации независимо от организационно-правовой формы и формы собственности по Кобдинскому району на 2018 год.

      2. Государственному учреждению "Отдел занятости и социальных программ Кобдинского района" в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего постановления в Управлении юстиции Кобдинского района;

      2) направление настоящего постановления на официальное опубликование в периодических печатных изданиях и Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего постановления на интернет-ресурсе акимата Кобдинского района.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима Кобдинского района Е. Калдыгулова.

      4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким района М. Шермаганбет