Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық мәслихатының 02.11.2023 № 50 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 2-3 тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Мәртөк аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мәртөк аудандық мәслихатының 2016 жылғы 15 шілдедегі № 30 "Мәртөк ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 5022, 2016 жылғы 10 тамызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген, Мәртөк ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларында:
9 тармақтың 3) тармақшасында:
"және 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы" сөздер алынып тасталсын.
2. "Мәртөк аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәртөк аудандық мәслихатының сессия төрағасы |
С. Үсенов |
Мәртөк аудандық мәслихатының хатшысы |
Ә. Әлмұхамбетов |
"КЕЛІСІЛДІ" "Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы 01.06.2018 жылы |
Қ. Отаров |