Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 139 бабының 9 тармағына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18 бабының 4 тармағына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 26 бабына сәйкес, Мәртөк аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мәртөк аудандық мәслихатының 2016 жылғы 4 қарашадағы № 40 "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және Мәртөк ауданының елді мекендерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға, жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелерді белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5141 тіркелген, 2016 жылғы 29 қарашада "Әділет" Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген шешімнің тақырыбында және 1 тармағындағы "және ветеринария" сөздері ", ветеринария және орман шаруашылығы" сөздерімен ауыстырылсын.
2. Осы шешім 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Мәртөк аудандық мәслихаттың сессия төрайымы |
Н. Хусаинова |
Мәртөк аудандық мәслихаттың хатшысы |
Ә. Әлмұхамбетов |