Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Мәртөк аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2018 жылғы 29 қаңтардағы № 2-11-3/40 ұсынысы негізінде, Хазірет ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мәртөк ауданы Хазірет ауылдық округінің Хазірет және Жездібай ауылдары тұрғындарының ірі қара малдары табынының арасында бруцеллез ауруы бойынша шектеу шаралары алынсын.
2. Хазірет ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 13 шілдедегі № 1 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 5612 болып тіркелген, 2017 жылғы 10 тамыздағы "Мәртөк тынысы" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Хазірет ауылдық округінің әкімі | М. Дүйсенов |