Аудандық мәслихаттың 2017 жылғы 14 маусымдағы № 110 "Темір ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы" шешіміне толықтырулар енгізу туралы

Ақтөбе облысы Темір аудандық мәслихатының 2018 жылғы 5 маусымдағы № 227 шешімі. Ақтөбе облысы Әділет департаментінің Темір аудандық Әділет басқармасында 2018 жылғы 20 маусымда № 3-10-200 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Темір аудандық мәслихатының 2024 жылғы 11 наурыздағы № 163 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Темір аудандық мәслихатының 11.03.2024 № 163 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 50 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 4 мамырдағы № 237 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы" қаулысына сәйкес Темір аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Темір аудандық мәслихатының 2017 жылғы 14 маусымдағы № 110 "Темір ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5599 тіркелген, 2017 жылы 25 шілдеде "Темір" газетінде жарияланған) шешіміне мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген шешімге қосымша мынадай мазмұндағы 3–1 және 3–2 тармақтарымен толықтырылсын:

      "3–1. Отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Мемлекеттік корпорацияға немесе "электрондық үкімет" веб–порталына тоқсанына бір рет жүгінуге құқылы.

      3–2. Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап сегіз жұмыс күнін құрайды.".

      2. "Темір аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Темір аудандық Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы шешімді Темір аудандық маслихатының интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Темір аудандық
мәслихатының сессия төрағасы
Г. МҰСТАФИНА
      Темір аудандық
мәслихатының хатшысы
Б. ІЗБАСОВ

О внесении дополнений в решение районного маслихата от 14 июня 2017 года № 110 "Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Темирском районе"

Решение маслихата Темирского района Актюбинской области от 5 июня 2018 года № 227. Зарегистрировано Управлением юстиции Темирского района Департамента юстиции Актюбинской области 20 июня 2018 года № 3-10-200. Утратило силу решением Темирского районного маслихата Актюбинской области от 11 марта 2024 года № 163

      Сноска. Утратило силу решением Темирского районного маслихата Актюбинской области от 11.03.2024 № 163 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии со статьей 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", статьей 50 Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О правовых актах", постановлением Правительства Республики Казахстан от 4 мая 2018 года № 237 "О внесении изменения и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2009 года № 2314 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи" Темирский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Темирского районного маслихата от 14 июня 2017 года № 110 "Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Темирском районе" (зарегистрированное в реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 5599, опубликованное 25 июля 2017 года в газете "Темір") следующие дополнения:

      приложение к указанному решению дополнить пунктами 3–1 и 3–2 следующего содержания:

      "3–1. Семья (гражданин) (либо его представитель по нотариально заверенной доверенности) вправе обратиться в Государственную корпорацию или на веб–портал "электронного правительства" за назначением жилищной помощи один раз в квартал.

      3–2. Срок рассмотрения документов и принятия решения о предоставлении жилищной помощи либо мотивированный ответ об отказе со дня принятия полного комплекта документов от Государственной корпорации составляет восемь рабочих дней.".

      2. Государственному учреждению "Аппарат Темирского районного маслихата" в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего решения в Управлении юстиции Темирского района;

      2) направление настоящего решения на официальное опубликование в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего решения на интернет – ресурсе Темирского районного маслихата.

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии
Темирского районного маслихата
Г. МУСТАФИНА
      Секретарь Темирского
районного маслихата
Б. ИЗБАСОВ