Шалқар ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемесін арттыру туралы

Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 2018 жылғы 28 ақпандағы № 183 шешімі. Ақтөбе облысы Шалқар аудандық Әділет басқармасында 2018 жылғы 16 наурызда № 3-13-178 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 2020 жылғы 19 ақпандағы № 427 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 19.02.2020 № 427 шешімімен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық Кодексі) Кодекісінің 704 бабының 3 тармағына сәйкес, Шалқар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Шалқар ауданы бойынша Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес, пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемесі он есеге арттырылсын.

      2. "Шалқар аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Ақтөбе облысы Шалқар аудандық әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы шешімді Шалқар аудандық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оны алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шалқар аудандық
мәслихаттың сессия төрағасы
О. Уксакбаев
      Шалқар аудандық
мәслихаттың хатшысы
С. Бигеев

О повышении ставок единого земельного налога на неиспользуемые земли сельскохозяйственного назначения по Шалкарскому району

Решение маслихата Шалкарского района Актюбинской области от 28 февраля 2018 года № 183. Зарегистрировано Управлением юстиции Шалкарского района Актюбинской области 16 марта 2018 года № 3-13-178. Утратило силу решением Шалкарского районного маслихата Актюбинской области от 19 февраля 2020 года № 427

      Сноска. Утратило силу решением Шалкарского районного маслихата Актюбинской области от 19.02.2020 № 427 (вводится в действие с 01.01.2020).

      В соответствии со статьей 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", с пунктом 3 статьи 704 Кодекса Республики Казахстан от 25 декабря 2017 года "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" (Налоговый кодекс), Шалкарский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Повысить ставки единого земельного налога в десять раз на неиспользуемые земли сельскохозяйственного назначения по Шалкарскому району в соответствии с земельным законодательством Республики Казахстан.

      2. Государственному учреждению "Аппарат Шалкарского районного маслихата" в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего решения в управлении юстиции Шалкарского района Актюбинской области;

      2) направление настоящего решения на официальное опубликование в периодических печатных изданиях и Эталоном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего решения на интернет-ресурсе Шалкарского районного маслихата.

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии
Шалкарского районного маслихата
О. Уксакбаев
      Секретарь Шалкарского
районного маслихата
С. Бигеев