Шалқар ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібін және мөлшерін бекіту туралы

Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 2018 жылғы 14 желтоқсандағы № 282 шешімі. Ақтөбе облысы Әділет департаментінің Шалқар аудандық Әділет басқармасында 2018 жылғы 14 желтоқсанда № 3-13-221 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 2020 жылғы 13 шілдедегі № 510 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 13.07.2020 № 510 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Шешімнің атауында және мәтінінде коммуналдық қызметтерге" сөздері, "бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге" сөздерімен ауыстырылды - Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 06.05.2019 № 337 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18 бабының 5 тармағына сәйкес Шалқар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Шалқар ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру,білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі және мөлшері бекітілсін.

      2. "Шалқар аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Шалқар аудандық әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы шешімді Шалқар аудандық мәслихатының интернет–ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шалқар аудандық
мәслихатының сессия төрағасы
Ж. Сейтмағанбетова
      Шалқар аудандық
мәслихатының хатшысы
С. Бигеев

  Шалқар аудандық мәслихатының 14 желтоқсандағы № 282 шешімімен бекітілген

Шалқар ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі және мөлшері
1. Жалпы ережелер

      1. Шалқар ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау (әрі қарай – әлеуметтік қолдау) көрсетіледі.

      2. Әлеуметтік қолдауды тағайындау уәкілетті органмен – "Шалқар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен (әрі қарай – көрсетілетін қызметті беруші) жүзеге асырылады.

      3. Өтінішті қабылдау және әлеуметтік қолдауды көрсету нәтижесін беру:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет " мемлекеттік корпорациясы " коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);

      2) көрсетілетін қызметті беруші;

      3) тұрғылықты жері бойынша көрсетілетін қызметті беруші болмаған жағдайда ауылдық округ әкімі арқылы жүзеге асырылады.

2. Әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі

      4. Әлеуметтік қолдау көрсетудің мерзімі:

      1) Мемлекеттік корпорацияға, көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде – көрсетілетін қызметті беруші құжаттардың топтамасын тіркеген сәттен бастап – 10 (он) жұмыс күні;

      тұрғылықты жері бойынша ауылдық округтің әкіміне құжаттардың топтамасын тапсырған сәттен бастап – 15 (он бес) жұмыс күні;

      Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдау күні әлеуметтік қолдау көрсету мерзіміне кірмейді.

      5. Жеке тұлға (немесе оның нотариалдық сенімхатпен расталған өкілі) (әрі қарай – көрсетілетін қызметті алушы) әлеуметтік қолдауды алу үшін еркін нысанда жазылған өтінішті және мынадай құжаттарды ұсынады:

      көрсетілетін қызметті берушіге, ауылдық округ әкіміне не Мемлекеттік корпорацияға:

      1) жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін қажет);

      2) алынып тасталды - Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 19.02.2020 № 429 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      3) жұмыс орнынан анықтама;

      4) екінші деңгейдегі банкте немесе банк операцияларын жүзеге асыруға тиісті лицензиясы бар ұйымдарда дербес шоты бар екенін растайтын құжат.

      Ескерту. 5 тармаққа өзгерістер енгізілді - Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 19.02.2020 № 429 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      6. Әлеуметтік қолдауды көрсетуден бас тартуға негіз болады:

      1) көрсетілетін қызметті алушы 5 тармақта көрсетілген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынуы;

      2) өтініш беруші берген мәліметтердің жалған болуы немесе берілген құжаттардың сәйкес келмеуі;

      3) лауазымдарды біріктірген кезде негізгі жұмыс орны бойынша әлеуметтік қолдау алушының лауазымы әлеуметтік қолдауға құқық беретін лауазымдар тізіліміне сәйкес келмеуі.

3. Әлеуметтік қолдау қөрсету мөлшері

      7. Әлеуметтік қолдау жылына бір рет бюджет қаражаты есебінен 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.

      Ескерту. 7 тармаққа өзгерістер енгізілді - Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 06.05.2019 № 337 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Об утверждении порядка и размера оказания социальной поддержки по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива за счет бюджетных средств специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Шалкарского района

Решение маслихата Шалкарского района Актюбинской области от 14 декабря 2018 года № 282. Зарегистрировано Управлением юстиции Шалкарского района Департамента юстиции Актюбинской области 14 декабря 2018 года № 3-13-221. Утратило силу решением Шалкарского районного маслихата Актюбинской области от 13 июля 2020 года № 510

      Сноска. Утратило силу решением Шалкарского районного маслихата Актюбинской области от 13.07.2020 № 510 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).
      Сноска. В заголовке и в тексте решения слова "коммунальных услуг и приобретению топлива" заменены словами "коммунальных услуг и приобретению топлива за счет бюджетных средств" решением Шалкарского районного маслихата Актюбинской области от 06.05.2019 № 337 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого опубликования).

      В соответствии со статьей 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", пунктом 5 статьи 18 Закона Республики Казахстан от 8 июля 2005 года "О государственном регулировании развития агропромышленного комплекса и сельских территорий" Шалкарский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить порядок и размер оказания социальной поддержки по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива за счет бюджетных средств за счет бюджетных средств специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Шалкарского района.

      2. Государственному учреждению "Аппарат Шалкарского районного маслихата" в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего решения в управлении юстиции Шалкарского района Актюбинской области;

      2) направление настоящего решения на официальное опубликование в периодических печатных изданиях и Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего решения на интернет–ресурсе Шалкарского районного маслихата.

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии
Шалкарского районного маслихата
Ж. Сейтмаганбетова
      Секретарь
Шалкарского районного маслихата
С. Бигеев

  Утвержден решением Шалкарского районного маслихата от 14 декабря № 282

Порядок и размер оказания социальной поддержки по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива за счет бюджетных средств специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Шалкарского района
1. Общие положения

      1. Социальная поддержка по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива за счет бюджетных средств (далее – социальная поддержка) оказывается специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Шалкарского района.

      2. Назначение социальной поддержки осуществляется уполномоченным органом – государственным учреждением "Шалкарский районный отдел занятости и социальных программ" (далее – услугодатель).

      3. Прием заявления и выдача результата оказания социальной поддержки осуществляется через:

      1) некоммерческое акционерное общество "Государственная корпорация "Правительство для граждан" (далее – Государственная корпорация");

      2) услугодателя;

      3) акима сельского округа, в случае отсутствия услугодателя по месту жительства.

2.Порядок оказания социальной поддержки

      4. Срок оказания социальной поддержки:

      1) при обращении в Государственную корпорацию, услугодателю – с момента регистрации пакета документов услугодателем – 10 (десять) рабочих дней;

      с момента сдачи пакета документов акиму сельского округа по месту жительства – 15 (пятнадцать) рабочих дней;

      при обращении в Государственную корпорацию день приема не входит в срок назначения социальной поддержки.

      5. Для получения социальной поддержки физическое лицо (или его представитель по нотариально заверенной доверенности) – (далее – услугополучатель) предоставляет заявление в произвольной форме и следующие документы:

      к услугодателю, акиму сельского округа либо в Государственную корпорацию:

      1) документ, удостоверяющий личность (требуется для идентификации личности);

      2) исключен решением Шалкарского районного маслихата Актюбинской области от 19.02.2020 № 429 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      3) справка с места работы;

      4) документ, подтверждающий наличие лицевого счета в банке второго уровня или в организациях, имеющих соответствующую лицензию на осуществление банковских операций.

      Сноска. Пункт 5 с изменениями, внесенными решением Шалкарского районного маслихата Актюбинской области от 19.02.2020 № 429 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      6. Основанием для отказа в оказании социальной поддержки является:

      1) предоставления услугополучателем неполного пакета документов согласно перечню, указанному в пункте 5 и (или) документов с истекшим сроком действия;

      2) недостоверность сведений или несоответствие документов предоставляемых заявителем;

      3) при совмещении должностей, должность получателя социальной поддержки по основному месту работы, не соответствует перечню должностей имеющих право на социальную поддержку.

3.Размер оказания социальной поддержки

      7. Социальная поддержка оказывается один раз в год за счет бюджетных средств в размере 5 (пять) месячных расчетных показателей.

      Сноска. Пункт 7 с изменениями, внесенными решением Шалкарского районного маслихата Актюбинской области от 06.05.2019 № 337 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого опубликования).