"Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 81-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының міндетін атқарушысының 2017 жылғы 18 тамыздағы №17-1/226 бұйрығымен бекітілген Іле өзенінің қазіргі атырауында экологиялық дәліз құру туралы жаратылыстану-ғылыми негіздемесіне сәйкес, Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Алматы облысы аумағында осы қаулының қосымшасына сәйкес жер пайдаланушылар мен жер учаскелерінің меншік иелерінің жерлерін алып қоймай, жалпы алаңы 973765 гектар (оның ішінде: Балқаш ауданында – 826328 гектар, Кербұлақ ауданында – 29537 гектар, Талғар ауданында – 58716 гектар, Көксу ауданында – 17455 гектар, Қапшағай қаласы жерінде – 40306 гектар, Іле ауданында – 660 гектар және Қаратал ауданында – 763 гектар) "Қапшағай-Балқаш" экологиялық дәлізі құрылсын.
2. "Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының Алматы облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу және ресми жариялау үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Алматы облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Алматы облысы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқық бөліміне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы облысы әкімінің орынбасары С. Бескемпіровке жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алматы облысының әкімі | А. Баталов |
Алматы облысы әкімдігінің 2018 жылғы "7" ақпандағы № 51 қаулысына қосымша |
Алматы облысы аумағындағы "Қапшағай-Балқаш" экологиялық дәлізі
Бұрыштық нүктелердің № | Ендігі | Бойлығы |
1 | N45° 52' 42,041" | E74° 48' 2,086" |
2 | N46° 1' 42,850" | E75° 8' 55,502" |
3 | N46° 5' 19,265" | E75° 26' 53,948" |
4 | N45° 56' 43,356" | E75° 37' 16,033" |
5 | N45° 49' 42,157" | E75° 53' 6,406" |
6 | N45° 14' 5,166" | E76° 21' 11,071" |
7 | N45° 12' 23,100" | E76° 27' 29,983" |
8 | N45° 3' 20,452" | E76° 33' 54,933" |
9 | N45° 2' 55,430" | E76° 44' 57,987" |
10 | N44° 35' 37,833" | E77° 5' 21,713" |
11 | N44° 23' 4,341" | E77° 10' 29,666" |
12 | N44° 16' 33,704" | E77° 8' 56,461" |
13 | N44° 12' 13,203" | E77° 24' 24,050" |
14 | N44° 5' 3,339" | E77° 31' 12,503" |
15 | N43° 55' 23,977" | E77° 47' 52,911" |
16 | N43° 50' 19,807" | E77° 49' 36,837" |
17 | N43° 50' 47,834" | E77° 45' 12,055" |
18 | N43° 53' 6,747" | E77° 45' 48,099" |
19 | N43° 54' 14,601" | E77° 40' 55,906" |
20 | N44° 0' 3,493" | E77° 32' 55,031" |
21 | N44° 4' 43,157" | E77° 24' 56,929" |
22 | N44° 3' 24,683" | E77° 20' 29,746" |
23 | N44° 10' 14,840" | E77° 0' 47,379" |
24 | N44° 10' 43,597" | E76° 55' 1,839" |
25 | N44° 17' 51,204" | E76° 53' 8,394" |
26 | N44° 29' 51,188" | E76° 43' 40,844" |
27 | N44° 41' 52,035" | E76° 44' 12,867" |
28 | N44° 51' 7,004" | E76° 35' 28,055" |
29 | N44° 58' 29,493" | E76° 22' 10,924" |
30 | N45° 6' 14,006" | E76° 12' 53,954" |
31 | N45° 13' 6,823" | E75° 46' 39,824" |
32 | N45° 19' 23,930" | E75° 33' 22,829" |
33 | N45° 28' 22,132" | E75° 19' 34,603" |
34 | N45° 28' 2,426" | E75° 13' 34,797" |
35 | N45° 35' 21,900" | E75° 8' 16,143" |