Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы әкімдігінің 29.04.2024 № 159 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су Кодексінің 94-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Алматы облысының су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшiлiктiң демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлер осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. "Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының Алматы облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу және ресми жариялау үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы қаулыны Алматы облысы әкімдігінің интернет-ресурсында ресми жарияланғаннан кейін оның орналастырылуын;
4) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен кейін он жұмыс күні ішінде Алматы облысы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқық бөліміне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С. Бескемпіровке жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алматы облысының әкімі | А. Баталов |
Алматы облысы әкімдігінің 2018 жылғы "27" желтоқсандағы № 617 қаулысына қосымша |
Алматы облысының су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшiлiктiң демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлері
№ | Су объектісінің атауы | Халықтың жаппай демалу орындары | Елді мекен | Меншік иесі |
Талдықорған қаласы | ||||
1 | Қаратал өзені | Қалалық жағажай | Талдықорған қаласы | Мемлекеттік жер қоры |
Алакөл ауданы | ||||
2 | Алакөл көлі | Алакөл көлі жағалауының жағажайлары | Ақши ауылы | Мемлекеттік жер қоры |
Сарқан ауданы | ||||
| Балқаш көлі | Балқаш көлі жағалауының жағажайлары | Лепсі кенті | Мемлекеттік жер қоры |
Қапшағай қаласы | ||||
4 | Қапшағай су қоймасы | Қапшағай су қоймасының № 1 жағажайы | Қапшағай қаласы | Мемлекеттік жер қоры |
5 | Қапшағай су қоймасы | Қапшағай су қоймасының № 2 жағажайы | Қапшағай қаласы | Мемлекеттік жер қоры |
6 | Қапшағай су қоймасы | Қапшағай су қоймасының № 3 жағажайы | Қапшағай қаласы | Мемлекеттік жер қоры |
7 | Қапшағай су қоймасы | Қапшағай су қоймасының № 4 жағажайы | Қапшағай қаласы | Мемлекеттік жер қоры |
8 | Қапшағай су қоймасы | Қапшағай су қоймасының № 5 жағажайы | Қапшағай қаласы | Мемлекеттік жер қоры |
9 | Қапшағай су қоймасы | Қапшағай су қоймасының № 6 жағажайы | Қапшағай қаласы | Мемлекеттік жер қоры |
10 | Қапшағай су қоймасы | Қапшағай су қоймасының № 7 жағажайы | Қапшағай қаласы | Мемлекеттік жер қоры |
Текелі қаласы | ||||
11 | Ашық жүзу бассейні | Қалалық бассейн | Текелі қаласы | Мемлекеттік жер қоры |