"Жайылымдар туралы" 2017 жылғы 20 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 1) тармақшасына сәйкес, Қапшағай қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қапшағай қаласы бойынша 2018-2019 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар осы шешімнің 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7-қосымшаларына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың "Ауыл шаруашылықты және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын өркендету, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қапшағай қалалық мәслихатының | |
сессия төрағасы | Е. Кашаганов |
Қапшағай қалалық | |
мәслихатының хатшысы | К. Ахметтаев |
Құқық белгілейтін құжаттар негізінде жер санаттары, жер учаскелерінің меншік иелері және жер пайдаланушылар бөлінісінде Қапшағай қаласының аумағында жайылымдардың орналасу схемасы (картасы)
Жайылым айналымдарының қолайлы схемалары
Құқық белгілейтін құжаттар негізінде жер санаттары, жер учаскелерінің меншік иелері және жер пайдаланушылар бөлінісінде Қапшағай қаласының аумағында жайылымдардың орналасу схемасы (картасы)
Жайылым пайдаланушылардың су тұтыну нормасына сәйкес жасалған су көздеріне (көлдерге, өзендерге, тоғандарға, суару немесе суландыру каналдарына, құбырлы немесе шахталы құдықтарға) қол жеткізу схемасы
Жайылымы жоқ жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын орналастыру үшін жайылымдарды қайта бөлу және оны берілетін жайылымдарға ауыстыру схемасы
Жайылымы жоқ жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын орналастыру үшін жайылымдарды қайта бөлу және оны берілетін жайылымдарға ауыстыру схемасы
Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың және айдаудың маусымдық маршруттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі күнтізбелік графигі
№ | Ауылдық округтерінің атауы | 2018 жылы айдаулардың саны | 2019 жылы айдаулардың саны | ||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 1 | 2 | 3 | 4 | ||
1 | Заречный ауылдық округі | көктем-күз | күз | жаз | қыс | күз | жаз | көктем-күз | қыс |
2 | Шеңгелді ауылдық округі | көктем-күз | күз | жаз | қыс | күз | жаз | көктем-күз | қыс |