Еңбекшіқазақ ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы

Алматы облысы Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының 2018 жылғы 23 ақпандағы № 24-9 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2018 жылы 20 наурызда № 4583 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының 2023 жылғы 13 қазандағы № VIII-8-41 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының 13.10.2023 № VIII-8-41 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-3 тармағына және "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес, Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Еңбекшіқазақ ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары бекітілсін.

      2. Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының "Еңбекшіқазақ ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2017 жылғы 6 қарашадағы № 20-4 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4390 тіркелген, 2017 жылдың 5 желтоқсанында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаты аппаратының басшысы Джелдикбаева Айкерим Алчиновнаға жүктелсін.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының
      сессия төрағасы Г. Кураметова
      Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының хатшысы Б. Ахметов

  Еңбекшіқазақ ауданы мәслихатының 2018 жылғы "23" ақпандағы № 24-9 шешіміне қосымша

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – Алматы облысы Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының 11.02.2022 № 17-82 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Еңбекшіқазақ ауданының әлеуметтiк көмек көрсетудің, оның мөлшерлерiн белгiлеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы әлеуметтiк көмек көрсетудің, оның мөлшерлерiн белгiлеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидалары (бұдан әрi - Қағидалар) "Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың үлгiлiк қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысына (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) сәйкес әзірленді және әлеуметтiк көмек көрсетудің, оның мөлшерлерiн белгiлеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың тәртібін белгілейді.

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негiзгi терминдер мен ұғымдар:

      1) "Азаматтарға арналған үкiмет" мемлекеттiк корпорациясы (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, жылжымайтын мүлікке құқықтарды оның орналасқан жері бойынша мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;

      2) арнайы комиссия – өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;

      3) ең төмен күнкөрiс деңгейi – "Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Алматы облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі есептейтiн мөлшерi бойынша ең төмен тұтыну себетiнiң құнына тең, бiр адамға қажеттi ең төмен ақшалай кiрiс;

      4) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;

      5) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы - отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;

      6) өмiрдегі қиын жағдай - азаматтың тыныс-тiршiлiгiн объективтi түрде бұзатын, ол өз бетiнше еңсере алмайтын ахуал;

      7) уәкiлеттi орган – Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің "Еңбекшіқазақ ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi;

      8) учаскелiк комиссия - әлеуметтiк көмек алуға өтiнiш бiлдiрген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргiзу және қорытындылар дайындау үшiн қала, кент, ауылдық округ әкiмiнiң шешiмдерiмен құрылатын комиссия;

      9) шекті шама - әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.

      3. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін әлеуметтік көмек ретінде жергілікті атқарушы органмен мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ, мереке күндерге ақшалай нысанда көрсететін көмек түсініледі.

      4. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын) көрсетіледі.

      5. Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" Заңының 16-бабында және Қазақстан Республикасының "Ардагерлер туралы" Заңының 10-бабының 2) тармақшасында, 11-бабының 2) тармақшасында, 12-бабының 2) тармақшасында және 13-бабының 2) тармақшасында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы Қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.

2- тарау. Әлеуметтік көмек көрсету, мұқтаж алушылардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі

      6. Мереке күндеріне әлеуметтік көмек бір рет ақшалай төлем түрінде келесі санаттағы азаматтарға көрсетіледі:

      1) 9 мамыр – Жеңіс Күні:

      Ұлы Отан соғысы кезеңінде, сондай-ақ бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағын (әрі қарай – бұрынғы КСР Одағы) қорғау бойынша басқа да ұрыс операциялары кезінде майдандағы армия мен флоттың құрамына кірген әскери бөлімдерде, штабтар мен мекемелерде қызмет өткерген әскери қызметшілер, Ұлы Отан соғысының партизандары мен астыртын әрекет етушілеріне – 1 000 000 ( бір миллион ) теңге мөлшерінде;

      Ұлы Отан соғысының мүгедектері, атап айтқанда Ұлы Отан соғысы кезеңінде майданда, ұрыс қимылдары аудандарында, майдан маңындағы теміржол учаскелеріндегі, қорғаныс шептерінің, әскери-теңіз базалары мен әуеайлақтардың құрылыс жайларында жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған майдандағы армия мен флоттың әскери қызметшілері, Ұлы Отан соғысының партизандары мен астыртын әрекет етушілері, сондай-ақ жұмысшылар мен қызметшілеріне – 1 000 000 (бір миллион) теңге мөлшерінде;

      1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталған адамдарға – 26 (жиырма алты) айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде;

      1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдарға – 26 (жиырма алты) айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде;

      Ұлы Отан соғысының қайтыс болған мүгедегінің немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген адамның екінші рет некеге тұрмаған жұбайы (зайыбы), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығу, жұмыста мертігу және басқа да себептер (құқыққа қайшы келетіндерді қоспағанда) салдарынан мүгедек деп танылған, Ұлы Отан соғысының қайтыс болған қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушінің, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған жұбайына (зайыбы) – 26 (жиырма алты) айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде;

      басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне бір рет – 26 (жиырма алты) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтiң өзге де мiндеттерiн басқа кезеңдерде атқару кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттерде әскери қызметiн өткеру кезiнде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшiлеріне – 26 (жиырма алты) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасыларына – 26 (жиырма алты) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      Тәжікстан-Ауғанстан учаскесіндегі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын қорғауды күшейту жөніндегі мемлекет аралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерін орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне – 26 (жиырма алты) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне – 26 (жиырма алты) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      Таулы Қарабахтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына – 26 (жиырма алты) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.

      1986-1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысқан адамдарға – 26 (жиырма алты) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарынан мүгедек болған адамдарға - 26 (жиырма алты) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      ядролық сынақтарға тiкелей қатысқан адамдарға – 26 (жиырма алты) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      ядролық сынақтардың салдарынан мүгедек болған адамдарға – 26 (жиырма алты) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.

      7. Өмірлік қиын жағдайда тап болған мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын) көрсетіледі:

      1) өмірлік қиын жағдайға тап болған мұқтаж азаматтарға (отбасыларға) ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінің бір еселік мөлшерінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынып, 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы төлем мынадай негіздер бойынша:

      жетімдік; ата-ана қамқорлығының болмауы; кәмелетке толмағандардың қадағалаусыз қалуы, оның ішінде девиантты мінез-құлық; туғаннан бастап үш жасқа дейінгі балалардың ерте психофизикалық даму мүмкіндіктерінің шектелуі; дене бітімі және (немесе) ақыл-ой мүмкіндіктеріне байланысты организм функцияларының тұрақты бұзылуы; әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналадағыларға қауіп төндіретін аурулардың салдарынан тыныс-тіршілігінің шектелуі; жасының егде тартуына байланысты, бұрынғы ауруы және (немесе) мүгедектігі салдарынан өзіне-өзі күтім жасай алмауы; әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға алып келген қатыгездікпен қарау; баспанасыздық (белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар); бас бостандығынан айыру орындарынан босатылуы; пробация қызметінің есебінде болу; кәмелетке толмағандардың арнаулы білім беру ұйымдарында, ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарында болуы;

      2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматтарға (отбасыларға) біржолғы әлеуметтік көмек облыс бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінің бір еселік мөлшерінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынып:

      азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтірілген жағдайда бір рет 200 (екі жүз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      3) өмірлік қиын жағдайда, оның ішінде әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналадағыларға қауіп төндіретін аурулардың салдарынан тыныс-тіршілігінің шектелуі деп танылған азаматтар (отбасы):

      туберкулез ауруымен диспансерлік есепте тұрған адамдарға әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынбай, ай сайын 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      адамның иммунитет тапшылығы вирусын жұқтырған балалардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне әлеуметтік көмек ай сайын жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынбай, тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің 2 (екі) еселенген мөлшерінде;

      4) жан басына шаққандағы орташа табысы облыс бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейіне еселік мөлшерінің жетпіс пайыздық мөлшерінен аспайтын, балалары мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және оқитын отбасыларға - ай сайын 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде:

      8. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін негіздер Үлгілік қағидаларға сәйкес айқындалады.

      9. Мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей, уәкілетті ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша жергілікті атқарушы орган бекітетін тізім бойынша көрсетіледі.

      10. Әлеуметтік көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру ауданның бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүргізіледі.

      11. Әлеуметтік көмек ақшалай нысанда екінші деңгейдегі банктер немесе банктік операциялардың тиісті түрлеріне лицензиялары бар ұйымдар арқылы алушылардың шоттарына аудару жолымен көрсетіледі.

      12. Артық төленген сомалар ерiктi немесе Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгiленген тәртiппен қайтаруға жатады.

3-тарау. Қорытынды ереже

      13. Әлеуметтiк көмек көрсету мониторингi мен есепке алуды уәкiлеттi орган "Е-Собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесiнiң дерекқорларын пайдалана отырып жүргiзедi.

     

Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан по Енбекшиказахскому району

Решение Енбекшиказахского районного маслихата Алматинской области от 23 февраля 2018 года № 24-9. Зарегистрировано Департаментом юстиции Алматинской области 20 марта 2018 года № 4583. Утратило силу решением Енбекшиказахского районного маслихата Алматинской области от 13 октября 2023 года № VIII-8-41

      Сноска. Утратило силу решением Енбекшиказахского районного маслихата Алматинской области от 13.10.2023 № VIII-8-41 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 2-3 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 мая 2013 года № 504 "Об утверждении Типовых правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан", Енбекшиказахский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить Правила оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан по Енбекшиказахскому району, согласно приложению к настоящему решению.

      2. Признать утратившим силу решение Енбекшиказахского районного маслихата "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан по Енбекшиказахскому району" от 6 ноября 2017 года № 20-4 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 4390, опубликован 5 декабря 2017 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан).

      3. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на руководителя аппарата Енбекшиказахского районного маслихата Джелдикбаеву Айкерим Алчиновну.

      4. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии Енбекшиказахского
      районного маслихата Г. Кураметова
      Секретарь Енбекшиказахского районного маслихата Б. Ахметов

  Приложение к решению Енбекшиказахского районного маслихата от "23" февраля 2018 года № 24-9

      Сноска. Приложение в редакции решения Енбекшиказахского районного маслихата Алматинской области от 11.02.2022 № 17-82 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня первого официального опубликования).

Правила оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан по Енбекшиказахскому району

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан (далее - Правила) разработаны в соответствии с постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 мая 2013 года № 504 "Об утверждении типовых правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан по Енбекшиказахскому району" (далее – Типовые правила) и определяют порядок оказания социальной помощи, установления размеров и перечня отдельных категорий нуждающихся граждан.

      2. Основные термины и понятия, которые используются в настоящих Правилах:

      1) Государственная корпорация "Правительство для граждан" (далее – уполномоченная организация) – юридическое лицо, созданное по решению Правительства Республики Казахстан для оказания государственных услуг, услуг по выдаче технических условий на подключение к сетям субъектов естественных монополий и услуг субъектов квазигосударственного сектора в соответствии с законодательством Республики Казахстан, организации работы по приему заявлений на оказание государственных услуг, услуг по выдаче технических условий на подключение к сетям субъектов естественных монополий, услуг субъектов квазигосударственного сектора и выдаче их результатов услугополучателю по принципу "одного окна", а также обеспечения оказания государственных услуг в электронной форме, осуществляющее государственную регистрацию прав на недвижимое имущество по месту его нахождения;

      2) специальная комиссия – комиссия, создаваемая решением акима Енбекшиказахского района Алматинской области, по рассмотрению заявления лица (семьи), претендующего на оказание социальной помощи в связи с наступлением трудной жизненной ситуации;

      3) прожиточный минимум – необходимый минимальный денежный доход на одного человека, равный по величине стоимости минимальной потребительской корзины, рассчитываемый республиканским государственным учреждением "Департамент Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан Алматинской области";

      4) праздничные дни – дни национальных и государственных праздников Республики Казахстан;

      5) среднедушевой доход семьи (гражданина) – доля совокупного дохода семьи, приходящаяся на каждого члена семьи в месяц;

      6) трудная жизненная ситуация – ситуация, объективно нарушающая жизнедеятельность гражданина, которую он не может преодолеть самостоятельно;

      7) уполномоченный орган – государственное учреждение "Отдел занятости и социальных программ Енбекшиказахского района" акимата Енбекшиказахского района;

      8) участковая комиссия – комиссия, создаваемая решениями акима города, поселка, сельского округа для проведения обследования материального положения лиц (семей), обратившихся за социальной помощью и подготовки заключений;

      9) предельный размер – утвержденный максимальный размер социальной помощи.

      3. Для целей настоящих Правил под социальной помощью понимается помощь, предоставляемая местным исполнительным органом в денежной форме отдельным категориям нуждающихся граждан в случае наступления трудной жизненной ситуации, а также к праздничным дням.

      4. Социальная помощь предоставляется единовременно и (или) периодически (ежемесячно).

      5. Лицам, указанным в статьи 16 статье 16 Закона Республики Казахстан "О социальной защите инвалидов в Республике Казахстан" и в подпункте 2) статьи 10, в подпункте 2) статьи 11, в подпункте 2) статьи 12, в подпункте 2) статьи 13 Закона Республики Казахстан "О ветеранах", социальная помощь оказывается в порядке, предусмотренном настоящими Правилами.

Глава 2. Порядок оказания социальной помощи, определения перечня отдельных категорий нуждающихся получателей и установления размеров социальной помощи

      6. Социальная помощь к праздничным дням оказывается единовременно в виде денежных выплат следующим категориям граждан:

      1) День Победы – 9 мая:

      участникам Великой Отечественной войны, а именно военнослужащим, проходившие службу в воинских частях, штабах и учреждениях, входивших в состав действующей армии и флота в период Великой Отечественной войны, а так же во время других боевых операций по защите бывшего Союза ССР (далее – бывшего Союза ССР), партизаны и подпольщики Великой Отечественной войны в размере – 1 000 000 (один миллион) тенге ;

      инвалидам Великой Отечественной войны, а именно военнослужащим действующей армии и флота, партизаны и подпольщики Великой Отечествен-ной войны, а так же рабочие и служащие, ставшие инвалидами вследствие ранения, контузии, увечья или заболевания, полученных в период Великой Отечественной войны на фронте, в районе военных действий, на прифронтовых участках железных дорог, сооружениях оборонительных рубежей, военно-морских баз и аэродромов в размере – 1 000 000 (один миллион) тенге;

      лицам, проработавшим (прослужившим) не менее шести месяцев с 22 июня 1941 года по 9 мая 1945 года и награжденные орденами и медалями бывшего Союза ССР за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу Великой Отечественной войны в размере – 26 (двадцать шесть) месячных расчетных показателей;

      лицам, проработавшим (прослужившим) не менее шести месяцев с 22 июня 1941 года по 9 мая 1945 года и не награжденные орденами и медалями бывшего Союза ССР за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу Великой Отечественной войны в размере – 26 (двадцать шесть) месячных расчетных показателей;

      супруге (супругу) умершего инвалида Великой Отечественной войны или лица, приравненного по льготам к инвалидам Великой Отечественной войны, а так же супруге (супругу) умершего участника Великой Отечественной войны, партизана, подпольщика, гражданина, награжденного медалью "За оборону Ленинграда" или знаком "Жителю блокадного Ленинграда", признавшихся инвалидами в результате общего заболевания, трудового увечья и других причин (за исключением противоправных), которые не вступали в повторный брак в размере – 26 (двадцать шесть) месячных расчетных показателей;

      ветеранам боевых действий на территории других государств в размере – 26 (двадцать шесть) месячных расчетных показателей;

      военнослужащим, ставшим инвалидами вследствие ранения, контузии, увечья, полученных при защите бывшего Союза Советских Социалистических Республик, исполнении иных обязанностей воинской службы в другие периоды, или вследствие заболевания, связанного с пребыванием на фронте, а также при прохождении воинской службы в Афганистане или других государствах, в которых велись боевые действия в размере – 26 (двадцать шесть) месячных расчетных показателей;

      семьям военнослужащих, погибших (пропавших без вести) или умерших вследствие ранения, контузии, увечья, заболевания, полученных в период боевых действий в Афганистане или других государствах, в которых велись боевые действия в размере – 26 (двадцать шесть) месячных расчетных показателей;

      военнослужащим Республики Казахстан, выполнявшим задачи согласно межгосударственным договорам и соглашениям по усилению охраны границы Содружества Независимых Государств на Таджикско-Афганском участке в размере – 26 (двадцать шесть) месячных расчетных показателей;

      военнослужащим Республики Казахстан, принимавшим участие в качестве миротворцев в международной миротворческой операции в Ираке в размере – 26 (двадцать шесть) месячных расчетных показателей;

      военнослужащим, а также лицам начальствующего и рядового состава органов внутренних дел и государственной безопасности бывшего Союза ССР, принимавшим участие в урегулировании межэтнического конфликта в Нагорном Карахабе в размере – 26 (двадцать шесть) месячных расчетных показателей;

      лицам, принимавшим участие в ликвидации последствий катастрофы на Чернобыльской атомной электростанции в 1986-1987 годах в размере – 26 (двадцать шесть) месячных расчетных показателей;

      лицам, ставшим инвалидами вследствие катастрофы на Чернобыльской атомной электростанции в размере – 26 (двадцать шесть) месячных расчетных показателей;

      лицам, участвовавшим непосредственно в ядерных испытаниях в размере – 26 (двадцать шесть) месячных расчетных показателей;

      лицам, ставшим инвалидами вследствие ядерных испытаний в размере – 26 (двадцать шесть) месячных расчетных показателей.

      7. Социальная помощь оказывается отдельным категориям нуждающихся граждан, оказавшимся в трудной жизненной ситуации единовременно и (или) периодически (ежемесячно):

      1) лицам (семьям), признанным находящимся в трудной жизненной ситуации, в размере 15 (пятнадцать) месячных расчетных показателей с учетом среднедушевого дохода, не превышающего порога однократного размера прожиточного минимума, по следующим основаниям:

      сиротство, отсутствие родительского попечения, безнадзорность несовершеннолетних, в том числе девиантное поведение; ограничение возможностей раннего психофизического развития детей от рождения до трех лет; стойкие нарушения функций организма, обусловленные физическими и (или) умственными возможностями; ограничение жизнедеятельности вследствие социально значимых заболеваний и заболеваний, представляющих опасность для окружающих; неспособность к самообслуживанию в связи с преклонным возрастом, вследствие перенесенной болезни и (или) инвалидности; жестокое обращение, приведшее к социальной дезадаптации и социальной депривации; бездомность (лица без определенного места жительства); освобождение из мест лишения свободы; нахождение на учете службы пробации; нахождение несовершеннолетних в специальных организациях образования, организациях образования с особым режимом содержания;

      2) гражданам (семьям), пострадавшим вследствие стихийного бедствия или пожара единовременная социальная помощь оказывается с учетом среднедушевого дохода не превышающего порога, однократного размера к прожиточному минимуму по области:

      в случае причинения ущерба гражданину (семье) либо его имуществу вследствие стихийного бедствия или пожара единовременно в размере – 200 (двести) месячных расчетных показателей;

      3) лицам (семьям) признанным находящимся в трудной жизненной ситуации, в том числе ограничение жизнедеятельности вследствие социально значимых заболеваний, заболеваний представляющих опасность для окружающих:

      лицам, состояшим на диспансерном учете с заболеванием туберкулез ежемесячно без учета среднедушевого дохода в размере – 5 (пять) месячных расчетных показателей;

      лицам, родителям или иным законным представителям детей, инфицированных вирусом иммуннодефицита человека состоящих на диспансерном учете назначается ежемесячно без учета среднедушевого дохода в 2 (двух) кратном размере величины прожиточного минимума, установленного Законом Республики Казахстан о республиканском бюджете на соответствующий финансовый год;

      4) семьям, дети которых воспитываются и обучаются в дошкольных организациях образования, у которых среднедушевой доход не превышает семидесяти процентного порога, в кратном отношении к прожиточному минимуму по области ежемесячно в размере 5 (пять) месячных расчетных показателей.

      8. Порядок оказания социальной помощи, основания для прекращения и возврата предоставляемой социальной помощи определяется согласно Типовым правилам.

      9. Социальная помощь к праздничным дням оказывается по списку, утверждаемому местным представительным органом по представлению уполномоченной организации либо иных организаций без истребования заявлений от получателей.

      10. Финансирование расходов на предоставление социальной помощи осуществляется в пределах средств, предусмотренных бюджетом района на текущий финансовый год.

      11. Социальная помощь предоставляется в денежной форме через банки второго уровня или организации, имеющие лицензии на соответствующие виды банковских операций, путем перечисления на счета получателей.

      12. Излишне выплаченные суммы подлежат возврату в добровольном или ином установленном законодательством Республики Казахстан порядке.

Глава 3. Заключительное положение

      13. Мониторинг и учет предоставления социальной помощи проводит уполномоченный орган с использованием базы данных автоматизированной информационной системы "Е-Собес".