"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының "Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаттың аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" 2015 жылғы 25 тамыздағы № 50-2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3499 тіркелген, 2015 жылдың 19 қазанында "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаты аппаратының басшысы Джелдикбаева Айкерим Алчиновнаға жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының сессия төрағасы | Қ. Жұмағожа |
Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының хатшысы | Б. Ахметов |