"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Бартоғай ауылдық округінің Байсейіт ауылы халқының пікірін ескере отырып және 2018 жылғы 26 наурыздағы Алматы облысының ономастикалық комиссиясының қорытындысы негізінде, Еңбекшіқазақ ауданы, Бартоғай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Бартоғай ауылдық округінің Байсейіт ауылындағы "Новостройка-1" көшесі "Достық" көшесіне, "Садовая" көшесі "Бейбітшілік" көшесіне, "Клубная" көшесі "Тәуелсіздік" көшесіне, "Новостройка-2" көшесі "Жастар" көшесіне қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Бартоғай ауылдық округінің әкімі | Т. Умербеков |