Ескелді ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережесін бекіту туралы

Алматы облысы Ескелді аудандық мәслихатының 2018 жылғы 13 наурыздағы № 27-180 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2018 жылы 28 наурызда № 4606 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 12-3) тармақшасына сәйкес, Ескелді аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ескелді ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережесі осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ескелді аудандық мәслихаты аппаратының басшысы Сопаков Маулен Бірлікұлына жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ескелді аудандық мәслихатының сессия төрағасы Д. Идрисов
      Ескелді аудандық мәслихатының хатшысы Қ. Алпысбаев

  Ескелді аудандық мәслихатының 2018 жылғы "13" наурыз № 27-180 шешімімен бекітілген қосымша

Ескелді ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ескелді ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ереже "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген және Ескелді ауданының Құрмет грамотасымен наградтау тәртібін айқындайды.

      2. Ескелді ауданының Құрмет грамотасы (бұдан әрі - Құрмет грамотасы) маңызды моральдық ынталандырма, азаматтардың жемісті қызметін қоғамның мойындауын білдіру болып табылады.

      3. Құрмет грамотасымен қызмет саласында кем дегенде 5 жыл қызмет өтілі бар Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетел азаматтары экономикадағы, әлеуметтiк саладағы, ғылымдағы, мәдениеттегi, бiлiм берудегi, денсаулық сақтаудағы, әскери және мемлекеттiк қызметтегi, қоғамдық, мемлекеттiк, қайырымдылық қызметтегi елеулi жетiстiктерi үшiн наградталады.

2. Құрмет грамотасымен наградтау тәртібі

      4. Ескелді ауданы әкіміне наградтауға ұсынысты жергілікті өкілді және атқарушы органдар, шығармашылық одақтар, еңбек ұжымдары және басқада ұйымдар енгізеді.

      5. Құрмет грамотасымен наградтау туралы қолдау хат тегін, атын, әкесінің атын (болған жағдайда), туылған күнін, жұмыс орнын (жарғылық құжаттарына сәйкес ұйымның толық атауын және қолдау хат енгізілген күндегі атқаратын лауазымының толық атауын көрсете отырып), білімі туралы мәліметтерді, еңбек қызметі туралы, наградалары мен құрметті атақтары туралы мәліметтерді көрсете отырып мемлекеттік және орыс тілдерінде рәсімделеді.

      6. Дұрыс рәсімделмеген және наградтауға дейін он жұмыс күннен кем мерзімде келіп түскен қолдау хат Ескелді ауданы әкімінің қарауына қабылданбайды.

      7. Кезекті наградаға ұсыну алдыңғы наградттау күнінен бастап бес жыл өткен соң ғана мүмкін.

      8. Құрмет грамотасын тапсыру салтанатты түрде жүргізіледі. Құрмет грамотасын Ескелді ауданының әкімі тапсырады, сондай-ақ Ескелді ауданы әкімінің атынан және оның тапсыруы бойынша Құрмет грамотасын ауылдық округ әкімдері және Ескелді ауданының әкімі уәкілдік берген басқа да тұлғалар тапсыра алады.

      9. Құрмет грамотасына Ескелді ауданы әкімінің қолы қойылады.

      10. Құжаттарды жүргізуді және есепке алуды Ескелді ауданы әкімінің аппаратымен жүзеге асырылады.

      11. Құрмет грамотасының тапсырылғаны туралы тапсыру хаттамасы жасалады, награданы тапсырған тұлғанын қолы қойылады және награданы тапсырған органның мөрі мен бекітіледі және үш жұмыс күні ішінде Ескелді ауданы әкімі аппаратына жолданады.

Об утверждении Положения о награждении Почетной грамотой Ескельдинского района

Решение Ескельдинского районного маслихата Алматинской области от 13 марта 2018 года № 27-180. Зарегистрировано Департаментом юстиции Алматинской области 28 марта 2018 года № 4606

      В соответствии с подпунктом 12-3) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Ескельдинский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить Положение о награждении Почетной грамотой Ескельдинского района согласно приложению к настоящему решению.

      2. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на руководителя аппарата Ескельдинского районного маслихата Сопакова Маулена Берликовича.

      3. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии Ескельдинского
      районного маслихата Д. Идрисов
      Секретарь Ескельдинского районного маслихата К. Алпысбаев

  Приложение утвержденное решением Ескельдинского районного маслихата от "13" марта 2018 года № 27-180

Положение о награждении Почетной грамотой Ескельдинского района

1. Общие положения

      1. Настоящее Положение о награждении Почетной грамотой Ескельдинского района разработано в соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и определяет порядок награждения Почетной грамотой Ескельдинского района.

      2. Почетная грамота Ескельдинского района (далее - Почетная грамота) является важным моральным стимулом, выражением общественного признания плодотворной деятельности граждан.

      3. Почетной грамотой награждаются граждане Республики Казахстан и иностранные граждане имеющие не менее 5 лет стажа в сфере деятельности за значительные достижения в экономике, в социальной сфере, науке, культуре, образовании, здравоохранении, в воинской и государственной службе, в общественной, государственной, благотворительной деятельности.

2. Порядок награждения Почетной грамотой

      4. Представление к награждению акиму Ескельдинского района вносят местные представительные и исполнительные органы, творческие союзы, трудовые коллективы и другие организации.

      5. Ходатайство о награждении Почетной грамотой оформляется на государственном и русском языках с указанием фамилии, имени, отчества (при наличии), даты рождения, сведений об образовании, места работы (с указанием полного наименования организации в соответствии с учредительными документами и полного наименования занимаемой должности на дату внесения ходатайства), сведений о трудовой деятельности, о наградах и почетных званиях.

      6. Неправильно оформленные и поступившие в срок менее чем за десять рабочих дней до награждения ходатайство к рассмотрению акима Ескельдинского района не принимается.

      7. Представление к очередной награде возможно только по истечении пяти лет со дня предыдущего награждения.

      8. Вручение Почетной грамоты производится в торжественной обстановке.

      Почетную грамоту вручает аким Ескельдинского района, а также от имени акима Ескельдинского района и по его поручению Почетную грамоту могут вручать акимы сельских округов и другие лица уполномоченные акимом Ескельдинского района.

      9. Почетная грамота подписывается акимом Ескельдинского района.

      10. Ведение документации и учет осуществляется аппаратом акима Ескельдинского района.

      11. О вручении Почетной грамоты составляется протокол вручения, подписывается лицом вручившим награду и скрепляется печатью органа, вручившего награду и в течение трех рабочих дней направляется в аппарат акима Ескельдинского района.