"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Іле аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Іле аудандық мәслихатының "Іле ауданы бойынша 2018-2019 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы" 2018 жылғы 29 наурыздағы № 25-118 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4658 тіркелген, 2018 жылдың 4 мамырында Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Іле аудандық мәслихаты аппаратының басшысы Калиев Канатбек Зейнелгабдиновичке жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Іле аудандық мәслихатының сессия төрағасы | С. Давлетов |
Іле аудандық мәслихатының хатшысы | Р. Абилова |