Қаратал ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережесін бекіту туралы

Алматы облысы Қаратал аудандық мәслихатының 2018 жылғы 23 шілдедегі № 37-152 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2018 жылы 8 тамызда № 4779 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 12-3) тармақшасына сәйкес, Қаратал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қаратал ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережесі осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қаратал аудандық мәслихаты аппаратының басшысы Абдыкаликова Роза Мырзакановнаға жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қаратал аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы Т. Цой
      Қаратал аудандық
      мәслихат хатшысының
      міндетін атқарушы Г. Куйкалакова

  Қаратал аудандық мәслихатының 2018 жылғы "23" шілдедегі № 37-152 шешіміне қосымша

Қаратал ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қаратал ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ереже "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген және Қаратал ауданының Құрмет грамотасымен наградтау тәртібін айқындайды.

      2. Қаратал ауданының Құрмет грамотасы (бұдан әрі - Құрмет грамотасы) маңызды моральдық ынталандыру, азаматтардың жемісті қызметін қоғамның мойындауын білдіру болып табылады.

      3. Құрмет грамотасымен қызмет саласында кем дегенде 5 жыл қызмет өтілі бар Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетел азаматтары экономикадағы, әлеуметтiк саладағы, ғылымдағы, мәдениеттегi, бiлiм берудегi, денсаулық сақтаудағы, әскери және мемлекеттiк қызметтегi, қоғамдық, мемлекеттiк, қайырымдылық қызметтегi елеулi жетiстiктерi үшiн наградталады.

2. Құрмет грамотасымен наградтау тәртібі

      4. Қаратал ауданы әкіміне наградтауға ұсынысты жергілікті өкілді және атқарушы органдар, шығармашылық одақтар, еңбек ұжымдары және басқа да ұйымдар енгізеді. 

      5. Құрмет грамотасымен наградтау туралы қолдау хат тегін, атын, әкесінің атын (болған жағдайда), туылған күнін, жұмыс орнын (жарғылық құжаттарына сәйкес ұйымның толық атауын және қолдау хат енгізілген күндегі атқаратын лауазымының толық атауын көрсете отырып), білімі туралы мәліметтерді, еңбек қызметі туралы, наградалары мен құрметті атақтары туралы мәліметтерді көрсете отырып мемлекеттік және орыс тілдерінде рәсімделеді.

      6. Дұрыс рәсімделмеген және наградтауға дейін он жұмыс күннен кем мерзімде келіп түскен қолдау хат Қаратал ауданы әкімінің қарауына қабылданбайды. 

      7. Кезекті наградаға ұсыну алдыңғы наградтау күнінен бастап бес жыл өткен соң ғана мүмкін.

      8. Құрмет грамотасын тапсыру салтанатты түрде жүргізіледі.

      Құрмет грамотасын Қаратал ауданының әкімі тапсырады, сондай-ақ Қаратал ауданы әкімінің атынан және оның тапсыруы бойынша Құрмет грамотасын Қаратал ауданының әкімі уәкілдік берген басқа да тұлғалар тапсыра алады.

      9. Құрмет грамотасына Қаратал ауданы әкімінің қолы қойылады.

      10. Құжаттарды жүргізуді және есепке алуды Қаратал ауданы әкімінің аппаратымен жүзеге асырылады.

      11. Құрмет грамотасының тапсырылғаны туралы тапсыру хаттамасы жасалады, награданы тапсырған тұлғанын қолы қойылады және награданы тапсырған органның мөрімен бекітіледі және үш жұмыс күні ішінде Қаратал ауданы әкімі аппаратына жолданады.

Об утверждении Положения о награждении Почетной грамотой Каратальского района

Решение Каратальского районного маслихата Алматинской области от 23 июля 2018 года № 37-152. Зарегистрировано Департаментом юстиции Алматинской области 8 августа 2018 года № 4779

      В соответствии с подпунктом 12-3) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Каратальский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить Положение о награждении Почетной грамотой Каратальского района согласно приложению к настоящему решению.

      2. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на руководителя аппарата Каратальского районного маслихата Абдыкаликову Розу Мырзакановну.

      3. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии
      Каратальского районного
      маслихата Т. Цой
      Исполняющий обязанности
      секретаря Каратальского
      районного маслихата Г. Куйкалакова

  Приложение к решению Каратальского районного маслихата от "23" июля 2018 года № 37-152

Положение о награждении Почетной грамотой Каратальского района

1. Общие положения

      1. Настоящее Положение о награждении Почетной грамотой Каратальского района разработано в соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и определяет порядок награждения Почетной грамотой Каратальского района.

      2. Почетная грамота Каратальского района (далее - Почетная грамота) является важным моральным стимулом, выражением общественного признания плодотворной деятельности граждан.

      3. Почетной грамотой награждаются граждане Республики Казахстан и иностранные граждане имеющие не менее 5 лет стажа в сфере деятельности за значительные достижения в экономике, в социальной сфере, науке, культуре, образовании, здравоохранении, в воинской и государственной службе, в общественной, государственной, благотворительной деятельности.

2. Порядок награждения Почетной грамотой

      4. Представление к награждению акиму Каратальского района вносят местные представительные и исполнительные органы, творческие союзы, трудовые коллективы и другие организации.

      5. Ходатайство о награждении Почетной грамотой оформляется на государственном и русском языках с указанием фамилии, имени, отчества (при наличии), даты рождения, сведений об образовании, места работы (с указанием полного наименования организации в соответствии с учредительными документами и полного наименования занимаемой должности на дату внесения ходатайства), сведений о трудовой деятельности, о наградах и почетных званиях.

      6. Неправильно оформленные и поступившие в срок менее чем за десять рабочих дней до награждения ходатайство к рассмотрению акима Каратальского района не принимается.

      7. Представление к очередной награде возможно только по истечении пяти лет со дня предыдущего награждения.

      8. Вручение Почетной грамоты производится в торжественной обстановке.

      Почетную грамоту вручает аким Каратальского района, а также от имени акима Каратальского района и по его поручению Почетную грамоту могут вручать и другие лица уполномоченные акимом Каратальского района.

      9. Почетная грамота подписывается акимом Каратальского района.

      10. Ведение документации и учет осуществляется аппаратом акима Каратальского района.

      11. О вручении Почетной грамоты составляется протокол вручения, подписывается лицом вручившим награду и скрепляется печатью органа, вручившего награду и в течение трех рабочих дней направляется в аппарат акима Каратальского района.