"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Шұбар ауылдық округінің Аралтөбе ауылы халқының пікірін ескере отырып және Алматы облысының ономастикалық комиссиясының 2016 жылғы 21 желтоқсандағы қорытындысы негізінде, Кербұлақ ауданы Шұбар ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шұбар ауылдық округінің Аралтөбе ауылындағы "Киров" көшесі "Бірлік" көшесіне қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Округ әкімі | Қ. Сейтқожаев |