"Жайылымдар туралы" 2017 жылғы 20 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 1) тармақшасына сәйкес, Райымбек аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Райымбек ауданы бойынша 2018-2019 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар осы шешімнің 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7-қосымшаларына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Райымбек аудандық мәслихатының "Заңдылық және азаматтардың құқықтары жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі.
Райымбек аудандық мәслихатының | |
кезектен тыс сессиясының төрағасы | Е. Бестібаев |
Райымбек аудандық | |
мәслихатының хатшысы | Е. Құдабаев |
Құқық белгілейтін құжаттар негізінде жер санаттары, жер учаскелерінің меншік иелері және жер пайдаланушылар бөлінісінде Райымбек ауданының аумағында жайылымдардың орналасу схемасы (картасы)
Жайылым айналымдарының қолайлы схемалары
Жайылымдардың, оның ішінде маусымдық жайылымдардың сыртқы және ішкі шекаралары мен алаңдары, жайылымдық инфрақұрылым объектілері белгіленген картасы
Жайылым пайдаланушылардың су тұтыну нормасына сәйкес жасалған су көздерiне (көлдерге, өзендерге, тоғандарға, апандарға, суару немесе суландыру каналдарына, құбырлы немесе шахталы құдықтарға) қол жеткізу схемасы
Жайылымы жоқ жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын орналастыру үшін жайылымдарды қайта бөлу және оны берілетін жайылымдарға ауыстыру схемасы
Ауыл, ауылдық округ маңында орналасқан жайылымдармен қамтамасыз етілмеген жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын шалғайдағы жайылымдарға орналастыру схемасы
Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың және айдаудың маусымдық маршруттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі күнтізбелік графигі
Жылдар | Жайылымдарға малдарды айдап шығару және жайылымдардан қайтару мерзімдер | |||
Көктем | Жаз | Күз | Қыс | |
2018 |
Наурыз айының І-ші он күндігі |
Мамыр айының ІІ-ші он күндігі |
Қазан айының ІІ-ші он күндігі |
Қараша айының ІІІ-ші он күндігі |
2019 |
Наурыз айының І-ші он күндігі |
Мамыр айының ІІ-ші он күндігі |
Қазан айының ІІ-ші он күндігі |
Қараша айының ІІІ-ші он күндігі |