Райымбек ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережесін бекіту туралы

Алматы облысы Райымбек аудандық мәслихатының 2018 жылғы 28 сәуірдегі № 38-182 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2018 жылы 18 мамырда № 4710 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 12-3) тармақшасына сәйкес, Райымбек аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Райымбек ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережесі осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Райымбек аудандық мәслихаты аппаратының басшысы Саретбаев Ғабит Болатұлына жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
      сессия төрағасы Н. Алиев
      Аудандық мәслихаттың
      хатшысы Е. Құдабаев

  Райымбек аудандық мәслихатының 2018 жылғы "28" сәуірдегі № 38-182 шешімімен бекітілген қосымша

Райымбек ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Райымбек ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ереже "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген және Райымбек ауданының Құрмет грамотасымен наградтау тәртібін айқындайды.

      2. Райымбек ауданының Құрмет грамотасы (бұдан әрі – Құрмет грамотасы) маңызды моральдық ынталандырма, азаматтардың жемісті қызметін қоғамның мойындауын білдіру болып табылады.

      3. Құрмет грамотасымен қызмет саласында кем дегенде 5 жыл қызмет өтілі бар Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетел азаматтары экономикадағы, әлеуметтiк саладағы, ғылымдағы, мәдениеттегi, бiлiм берудегi, денсаулық сақтаудағы, әскери және мемлекеттiк қызметтегi, қоғамдық, мемлекеттiк, қайырымдылық қызметтегi елеулi жетiстiктерi үшiн наградталады.

2. Құрмет грамотасымен наградтау тәртібі

      4. Райымбек ауданы әкіміне наградтауға ұсынысты жергілікті өкілді және атқарушы органдар, шығармашылық одақтар, еңбек ұжымдары және басқада ұйымдар енгізеді.

      5. Құрмет грамотасымен наградтау туралы қолдау хат тегін, атын, әкесінің атын (болған жағдайда), туылған күнін, білімі туралы мәліметтерді, жұмыс орнын (жарғылық құжаттарына сәйкес ұйымның толық атауын және қолдау хат енгізілген күндегі атқаратын лауазымының толық атауын көрсете отырып), еңбек қызметі туралы, наградалары мен құрметті атақтары туралы мәліметтерді көрсете отырып мемлекеттік және орыс тілдерінде рәсімделеді.

      6. Дұрыс рәсімделмеген және наградтауға дейін он жұмыс күннен кем мерзімде келіп түскен қолдау хат Райымбек ауданы әкімінің қарауына қабылданбайды.

      7. Кезекті наградаға ұсыну алдыңғы наградттау күнінен бастап бес жыл өткен соң ғана мүмкін.

      8. Құрмет грамотасын тапсыру салтанатты түрде жүргізіледі. Құрмет грамотасын Райымбек ауданының әкімі тапсырады, сондай-ақ Райымбек ауданы әкімінің атынан және оның тапсыруы бойынша Құрмет грамотасын ауылдық округ әкімдері және Райымбек ауданының әкімі уәкілдік берген басқа да тұлғалар тапсыра алады.

      9. Құрмет грамотасына Райымбек ауданы әкімінің қолы қойылады.

      10. Құжаттарды жүргізуді және есепке алуды Райымбек ауданы әкімінің аппаратымен жүзеге асырылады.

      11. Құрмет грамотасының тапсырылғаны туралы тапсыру хаттамасы жасалады, награданы тапсырған тұлғанын қолы қойылады және награданы тапсырған органның мөрімен бекітіледі және үш жұмыс күні ішінде Райымбек ауданы әкімі аппаратына жолданады.

Об утверждении Положения о награждении Почетной грамотой Райымбекского района

Решение Райымбекского районного маслихата Алматинской области от 28 апреля 2018 года № 38-182. Зарегистрировано Департаментом юстиции Алматинской области 18 мая 2018 года № 4710

      В соответствии с подпунктом 12-3) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Райымбекский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить Положение о награждении Почетной грамотой Райымбекского района согласно приложению к настоящему решению.

      2. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на руководителя аппарата Райымбекского районного маслихата Саретбаева Габит Булатовича.

      3. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии
      районного маслихата Н. Алиев
      Секретарь
      районного маслихата Е. Кудабаев

  Приложение утвержденное решением Райымбекского районного маслихата от "27" апреля 2018 года № 38-182

Положение о награждении Почетной грамотой Райымбекского района

1. Общие положения

      1. Настоящее Положение о награждении Почетной грамотой Райымбекского района разработано в соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и определяет порядок награждения Почетной грамотой Райымбекского района.

      2. Почетная грамота Райымбекского района (далее - Почетная грамота) является важным моральным стимулом, выражением общественного признания плодотворной деятельности граждан.

      3. Почетной грамотой награждаются граждане Республики Казахстан и иностранные граждане имеющие не менее 5 лет стажа в сфере деятельности за значительные достижения в экономике, в социальной сфере, науке, культуре, образовании, здравоохранении, в воинской и государственной службе, в общественной, государственной, благотворительной деятельности.

2. Порядок награждения Почетной грамотой

      4. Представление к награждению акиму Райымбекского района вносят местные представительные и исполнительные органы, творческие союзы, трудовые коллективы и другие организации.

      5. Ходатайство о награждении Почетной грамотой оформляется на государственном и русском языках с указанием фамилии, имени, отчества (при наличии), даты рождения, сведений об образовании, места работы (с указанием полного наименования организации в соответствии с учредительными документами и полного наименования занимаемой должности на дату внесения ходатайства), сведений о трудовой деятельности, о наградах и почетных званиях.

      6. Неправильно оформленные и поступившие в срок менее чем за десять рабочих дней до награждения ходатайство к рассмотрению акима Райымбекского района не принимается.

      7. Представление к очередной награде возможно только по истечении пяти лет со дня предыдущего награждения.

      8. Вручение Почетной грамоты производится в торжественной обстановке.

      Почетную грамоту вручает аким Райымбекского района, а также от имени акима Райымбекского района и по его поручению Почетную грамоту могут вручать акимы сельских округов и другие лица уполномоченные акимом Райымбекского района.

      9. Почетная грамота подписывается акимом Райымбекского района.

      10. Ведение документации и учет осуществляется аппаратом акима Райымбекского района.

      11. О вручении Почетной грамоты составляется протокол вручения, подписывается лицом вручившим награду и скрепляется печатью органа, вручив шего награду и в течение трех рабочих дней направляется в аппарат акима Райымбекского района.