"Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы" 2004 жылғы 09 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабының 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Панфилов ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
2. "Панфилов ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулы Алматы облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электронды түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу және ресми жариялау үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы қаулыны мемлекеттік тіркелген күнінен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін ресми жариялауға Панфилов ауданы аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарға жолдауын;
4) осы қаулыны Панфилов ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында оның ресми жарияланғаннан кейін орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Панфилов ауданы әкімінің орынбасары Д.Т. Төрехановқа жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Панфилов ауданының әкімі | Т. Бектасов |
Панфилов ауданындағы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі және оларға ақшалай сыйақының мөлшері
1. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері:
1) алғыс жариялау;
2) граммотамен марапаттау;
3) ақшалай сыйлықақы беру.
2. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерін қамтамасыз етуге қатысатын комиссия қарайды, Панфилов ауданының әкімдігімен құрылған, Панфилов ауданының Ішкі істер бөлімінің ұсынысы бойынша.
3. Комиссия қабылдайтын шешім көтермелеу үшін негіз болып табылады.
4. Көтермелеу түрлерін, соның ішінде ақшалай сыйақы мөлшерін, көтермелеушінің қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесін ескере отыра, әдетте, 10 есе айлық есептік көрсеткіштен аспайтының, комиссия белгілейді.
5. Ақшалай сыйақыны төлеу үшін комиссия қабылдайтын шешімге, қосымша Ішкі істер бөлімі бастығының бұйрығы шығарылады.