"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Сарқан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Сарқан аудандық мәслихатының "Сарқан ауданының жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларын түзету коэффициенттері мен елді мекендердегі аймақтардың шекараларын бекіту туралы" 2011 жылғы 29 желтоқсандағы № 54-318 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2-17-108 тіркелген, 2012 жылдың 19 қаңтарында "Сарқан" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Сарқан аудандық мәслихаты аппаратының басшысы Разбеков Бейсенбай Мерекебаевичке жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың | |
сессия төрағасы | М. Тусупов |
Аудандық мәслихаттың | |
хатшысы | К. Абдрахманов |