"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсанындағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 5-1) тармақшасына сәйкес, Сарқан қаласы халқының пікірін ескере отырып және 2018 жылғы 26 наурыздағы Алматы облысының ономастикалық комиссиясының қорытындысы негізінде, Сарқан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ және Сарқан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Сарқан қаласының солтүстік-шығысында орналасқан жаңа көшелеріне келесі атаулар берілсін:
1) бірінші көшеге – "Мәңгілік ел";
2) екінші көшеге – "Жастар;
3) үшінші көшеге – "Жетісу";
4) төртінші көшеге – "Атамекен".
2. Сарқан қаласының солтүстік-шығысында орналасқан "Арычная" көшесі "И. Венедиктов" көшесіне қайта аталсын.
3. Осы бірлескен шешім мен қаулыны орындалуын бақылау Сарқан аудандық мәслихатының "Депутаттар өкілеттігі, заңдылық, заң тәртібін сақтау, әлеуметтік саясат, жастар және қоғамдық ұйымдармен байланыс жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.
4. Осы бірлескен шешім мен қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сарқан аудандық мәслихатының | |
сессия төрағасы | Е. Мадьяров |
Сарқан ауданының әкімі | М. Разбеков |
Сарқан аудандық | |
мәслихатының хатшысы | К. Абдрахманов |