"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Сарқан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Сарқан аудандық мәслихатының "Сарқан ауданы бойынша 2018-2019 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы" 2018 жылғы 16 мамырдағы № 39-168 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4729 тіркелген, 2018 жылдың 8 маусымындағы Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Сарқан аудандық мәслихаты аппаратының басшысы Разбеков Бейсенбай Мерекебаевичке жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сарқан аудандық мәслихатының | |
сессия төрағасы | М. Мадьяров |
Сарқан аудандық | |
мәслихатының хатшысы | К. Абдрахманов |