"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес Кеңдала ауылдық округі халқының пікірін ескере отырып және Алматы облысының ономастикалық комиссиясының 2018 жылғы 26 наурыздағы қорытындысы негізінде Талғар ауданы Кеңдала ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Кеңдала ауылындағы "Школьная" көшесі "Отырар" көшесіне, "Новосельская" көшесі "Құлан" көшесіне, "Шоссейная" көшесі "Достық" көшесіне, "Речная" көшесі "Ертіс" көшесіне, "Строительная" көшесі "Сайрам" көшесіне, "Молодежная" көшесі "Талхиз" көшесіне;
Еңбекші ауылындағы "Колхозная" көшесі "Сарайшық" көшесіне, "Набережная" көшесі "Жайық" көшесіне, "Азербайджанская" көшесі "Алтынемел" көшесіне, "Интернациональная" көшесі "Егемен" көшесіне, "Мира" көшесі "Жетісу" көшесіне, "Студенческая" көшесі "Жастар" көшесіне;
Ақдала ауылының "Центральная" көшесі "Хантәңірі" көшесіне, "Колхозная" көшесі "Қарқаралы" көшесне, "Молодежная" көшесі "Балқаш" көшесіне, "Озерная" көшесі "Сырдария" көшесіне қайта аталсын.
2. Кеңдала ауылдық округінің Кеңдала, Еңбекші, Ақдала ауылындағы көшелерге келесі атаулар берілсін:
1) Кеңдала ауылының солтүстік-батысында орналасқан бірінші көшеге "Шымбұлақ", екінші көшеге "Балдәурен", үшінші көшеге "Байқоныр" төртінші көшеге "Тобыл", бесінші көшеге "Береке";
Кеңдала ауылының солтүстік-шығысында орналасқан бірінші көшеге "Тұран", екінші көшеге "Көлсай", үшінші көшеге "Сарыарқа";
2) Еңбекші ауылының солтүстік-шығысында орналасқан бірінші көшеге "Алаш", екінші көшеге "Сығанақ", үшінші көшеге "Баянауыл", төртінші көшеге "Оқжетпес", бесінші көшеге "Ордабасы", алтыншы көшеге "Болашақ";
Еңбекші ауылының солтүстік-батысында орналасқан бірінші көшеге "Ұлытау", екінші көшеге "Түркістан", үшінші көшеге "Ынтымақ", төртінші көшеге "Ақбастау", бесінші көшеге "Тарбағатай", алтыншы көшеге "Шалқар", жетінші көшеге "Зерде", сегізінші көшеге "Шарын";
Еңбекші ауылының солтүстігінде орналасқан төртінші көшеге "Медеу";
3) Ақдала ауылының солтүстік-шығысында орналасқан бірінші көшеге "Қазығұрт", екінші көшеге "Арыс", үшінші көшеге "Талас", төртінші көшеге "Есіл", бесінші көшеге "Ақасық", алтыншы көшеге "Түрген", жетінші көшеге "Алмалық", сегізінші көшеге "Алтай", тоғызыншы көшге "Тұмар", оныншы көшеге "Бірлік", он бірінші көшеге "Алатау", он екінші көшеге "Алакөл", он үшінші көшеге "Достық".
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Кеңдала ауылдық округінің әкімі | А. Умирзаков |