Талас ауданының елді мекендерінің аумағында жануарларды асырау Қағидаларын бекіту туралы

Жамбыл облыстық мәслихатының 2018 жылғы 6 сәуірдегі № 22-6 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2018 жылғы 2 мамырда № 3809 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы мәслихатының 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 52-7 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы мәслихатының 11.12.2020 № 52-7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде тұпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 2-2 тармағына және "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңына сәйкес Жамбыл облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған Талас ауданының елді мекендерінің аумағында жануарларды асырау Қағидалары бекітілсін.

      2. "Жамбыл облысы Талас ауданының елді мекендерінде жануарларды асырау Қағидаларын бекіту туралы" Жамбыл облысы мәслихатының 2015 жылғы 14 желтоқсандағы № 43-14 шешімінің (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2911 болып тіркелген, 2016 жылдың 02 ақпандағы облыстық "Ақ жол" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімінің орындалуына бақылау Жамбыл облыстық маслихаттың агроөнеркәсіпті дамыту, экология және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Облыстық мәслихаттың Облыстық мәслихаттың
      сессия төрайымы хатшысы
      Г.Нұрымова Б. Қарашолақов

      Жамбыл облыстық мәслихатының 2018 жылғы 6 сәуірдегі "Талас ауданының елді мекендерінің аумағында жануарларды асырау Қағидаларын бекіту туралы" №22-6 шешіміне келісім парағы

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы Ауыл

      шаруашылығы министрлігі

      Ветеринариялық бақылау және

      қадағалау комитетінің Жамбыл

      облыстық аумақтық инспекциясының

      басшысы

      С.Н.Солтанбеков

      6 сәуір 2018 жыл

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы Денсаулық

      сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық

      сақтау комитетінің Жамбыл облысы

      қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің

      басшысы

      Б.К.Жаркынбеков

      6 сәуір 2018 жыл

  Жамбыл облыстық мәслихатының
2018 жылғы 6 сәуірдегі
№ 22-6 шешімімен бекітілген

Талас ауданының елді мекендерінің аумағында жануарларды асырау Қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Талас ауданының елді мекендерінің аумағында жануарларды асырау Қағидалары (бұдан әрі – Қағида) "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес (бұдан әрі - Заң), аудан тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және адамдар мен жануарларға ортақ аурулардан қорғау мақсатында әзірленді. Қағидалар жануарларды асырау, өсіру және ауыл шаруашылығы жануарларын жаю тәртібін белгілейді.

      2. Осы Қағидаларда мынадай түсініктер қолданылады:

      1) жануарлар – фаунаға жататын биологиялық объектілер: ауыл шаруашылығы, үй және жабайы жануарлар;

      2) ветеринариялық іс-шаралар - жануарлар ауруларының профилактикасын, оларды емдеуді немесе диагностикасын қоса алғанда, олардың пайда болуын, таралуын болғызбауға немесе оларды жоюға; жануарлар мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін аса қауіпті аурулар жұқтырған жануарларды залалсыздандыруға (зарарсыздандыруға), алып қоюға және жоюға; жануарлардың өнімділігін арттыруға; жануарлар мен адамның денсаулығын жұқпалы, оның ішінде жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау мақсатында, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді қоса алғанда, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың, жемшөп және жемшөп қоспаларының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған эпизоотияға қарсы, ветеринариялық-санитариялық рәсімдер кешені;

      3) ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру – ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорға ауыл шаруашылығы жануары туралы мәлiметтердi енгiзе отырып және ветеринариялық паспортты бере отырып, бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдарды) пайдалану, таңбалау арқылы жануарларға жеке нөмiр берудi қамтитын, жануарларды есепке алу рәсiмi;

      4) ветеринариялық құжаттар – уәкілетті орган бекіткен тәртіппен мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлары беретін ветеринариялық сертификат; мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлер беретін ветеринариялық-санитариялық қорытынды; тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағындағы эпизоотиялық ахуал туралы, жануарға, жануарлардан алынатын өнімге және шикізатқа жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдардың ветеринария саласындағы маманы, сондай-ақ жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімнің және шикізаттың ветеринариялық нормативтерге сәйкестігін айқындау жөнінде өндірістік бақылау бөлімшесінің аттестатталған ветеринариялық дәрігері беретін ветеринариялық анықтама;

      5) ветеринариялық паспорт – уәкілетті орган белгілеген нысандағы құжат, онда: жануарларды есепке алу мақсатында жануарлардың иесі, түрі, жынысы, түсі, жасы көрсетіледі;

      6) ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалар - мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау объектілеріне қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық, зоогигиеналық) талаптарды белгілейтін, сондай-ақ ветеринариялық нормативтердің негізінде ветеринариялық іс-шараларды жүргізу тәртібін айқындайтын, жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті болып табылатын нормативтік құқықтық акт;

      7) ветеринариялық-санитариялық сараптама – жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының ветеринариялық нормативтерге сәйкестігін органолептикалық, биохимиялық, микробиологиялық, паразитологиялық, уыттық және радиологиялық зерттеулер кешенi арқылы айқындау;

      8) дезинфекция - инфекциялық және паразиттік аурулардың қоздырғыштарын жою жөніндегі шаралар кешені;

      9) дезинсекция - жәндіктер мен басқа да буынаяқтыларды жою жөніндегі іс-шаралар кешені;

      10) дератизация – кеміргіштерді жою жөніндегі іс-шаралар кешені;

      11) ветеринария саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - ветеринария саласындағы басшылықты, сондай-ақ өз өкілеттігі шегінде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.

2. Жануарларды тіркеу тәртібі

      3. Жануарларды тіркеу бірдейлендіру жолымен адам мен жануарларға ортақ қауіпті жұқпалы және паразиттік аурулардың алдын алу, адамдарды жануардың жарақаттауы немесе басқалай залалын болдырмау, жоғалып кеткен жануарларды іздестіру және жануарлардың санын реттеу мақсатында жүзеге асырылады.

      4. Меншік түріне және ведомстволық бағыныштылығына қарамастан, жеке және заңды тұлғаларға тиесілі барлық жануарлар, оның ішінде ауыл шаруашылығы, үй, жабайы, сонымен қатар иесінен ерекше жауапкершілікті талап ететін жыртқыш және улы жануарлар ауылдар мен ауылдық округтердің әкімі аппараттарында міндетті есепке алуға және тіркеуге жатады.

      5. Жануарларды тіркеу және қайта тіркеу кезінде олардың иелері келесі мәліметтерді тапсырады: иесінің жеке басын куәландыратын құжат, мекен-жайы туралы мәлімет, байланыс телефонының нөмірі, жануардың түрі және тұқымы, жынысы, аты, туған жылы, түсі, ерекше белгілері немесе сипаттамасы.

      6. Әрбір тіркелген жануарға сәйкестендіру нөмірі мен жануардың бүкіл өмір бойына жарамды ветеринариялық паспорт беріледі. Жануарлардың сәйкестік нөмірін беру құлақ сырғаларын салу, микрочиптеу немесе таңбалау арқылы іске асырылады.

      7. Тіркеу кезінде жануарлардың иесі осы Қағидамен танысуы міндетті. Танысу дерегі жануар иесінің тіркеу кітабындағы қолымен расталады.

      8. Сатып алғанда немесе иесі мекен-жайын ауыстырғанда жануарлар иесінің жаңа мекен-жайы бойынша екі апта мерзім ішінде тіркеледі.

      9. Жануар мерт болған және ауыл шаруашылығы жануары сойылған жағдайда ветеринариялық паспорты мен сәйкестендіру нөмірі бұрын сол жануар тіркелген органға немесе мекемеге тапсырылады.

      10. Тіркеу органына жануардың қолдан кетуі (сату, жоғалу, сойылу, мерт болуы, басқа тұлғаға беру) туралы оны есептен шығару немесе қайта тіркеу үшін екі апта мерзімінде хабарланады.

3. Жануарларды сатып алу, сату және тасымалдау

      11. Белгіленбеген орындарда және ветеринариялық құжаттарынсыз жануарларды сатуға тыйым салынады.

      12. Жануарларды аудан аумағынан тыс жерге тасымалдау аудандық жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар берген ветеринариялық паспорты мен ветеринариялық өңдеулер жүргізілгендігі туралы белгісі бар белгіленген үлгідегі ветеринариялық анықтамасы болған жағдайда жүзеге асырылады.

      13. Ауданның аумағына шет мемлекеттерден жануарларды алып келу, алып кету Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ветеринария саласындағы уәкілетті органның рұқсаты болғанда жүзеге асырылады.

4. Жануарларды асырау тәртібі

      14. Ауыл шаруашылығы жануарларын тұрғын үйлерден, пәтерлерден, мектептерден, емдеу және балалар мекемелерінен, саябақтардан, хайуанаттар бақатарынан, стадиондардан, қоғамдық тамақтандыру, сауда, тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарынан, көпшілік демалыс орындарынан, балаларды сауықтыру лагерлерінен, демалыс үйлерінен, шипажайлардан, жасанды су қоймаларынан, артезиан құдықтарынан және өзен жағалауы мен оның салаларынан қашықтықта орналасқан арнайы жабдықталған (жабық) орындарда, "Өндірістік объектілердің санитариялық-қорғаныш аймағын белгілеу бойынша санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы №237 бұйрығымен бекітілген өндірістік объектілердің санитариялық-қорғаныш аймағын белгілеу бойынша санитариялық-эпидемиологиялық талаптар санитариялық қағидасына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11124 болып тіркелген) ұсталуы керек.

      15. Ветеринариялық-санитариялық ережелерді сақтау барысында жеке аулаларда ауыл шаруашылығы жануарларын арнайы жабдықталған орындарда асырауға жол беріледі.

      16. Санитарлық, су қорғау аймақтарында, көшелерде, алаңдарда, гүлзарларда, ауыл шаруашылық жерлерінде, басқа қоғамдық көпшілік пайдаланатын орындарда қараушысыз жүрген жануарлар, қараусыз жануарлар болып есептеледі және селоның, ауылдың, ауылдық округтің әкімімен белгіленген, уақытша асырау үшін арнайы жабдықталған орынға иесі анықталғанға дейін қамалуы тиіс.

      17. Егер жануарлардың меншік иесінің тұрған жерi белгiсiз болса, жануарларды ұстап алған адам осындай жануарларды ұстаған кезден бастап үш күннен кешiктiрмей табылған жануарлар туралы iшкi iстер органдарына және селоның, ауылдың, ауылдық округтің әкіміне мәлiмдейді, олар меншiк иесiн iздестiру шараларын қолданады.

      18. Жануарлардың меншiк иесiн iздестiру кезеңiнде, жануарларды, оларды ұстап алған адамның өзiнiң бағуында және пайдалануында қалдырылуы мүмкін немесе онымен арнайы жабдықталған орынға уақытша тапсыруға тиіс.

      19. Егер ірі малды (мүйізді ірі қара, жылқы, түйе) ұстап алғаны туралы мәлiмделген кезден бастап алты ай iшiнде және басқа үй жануарлары жөнiнде - екi ай iшiнде олардың меншiк иесi табылмаса және оларға өзiнiң құқығы туралы мәлiмдемесе, бұл жануарларға меншiк құқығы жануарларды баққан және пайдаланған адамға көшедi. Бұл адам бағуында болған жануарларды меншiгiне алудан бас тартқан жағдайда олар коммуналдық меншiкке түседi.

      20. Жануарлар басқа адамның меншігіне көшкеннен кейін олардың бұрынғы меншік иесі келген ретте, ұстап алынған қараусыз жануарларды иесіне қайтару тәртібі және иелерінің жауапкершілігі Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексінің 246-бабымен анықталады.

      21. Ауданның, селоның және ауылдық округтердің тұрғын үй қорының пәтерлерінде (көп пәтерлі тұрғын үйлер) ауыл шаруашылығы және жабайы жануарларды асырауға жол берілмейді.

      22. Мектепке дейінгі мекемелердегі, мектептердегі және басқа ұйымдар мен мекемелердегі зоологиялық бұрыштарда жануарлар мен құстарды асырауға, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органның келісімі бойынша жол беріледі.

      23. Асыл тұқымды жануарларды қоса алғанда, ауыл шаруашылығы, үй және жабайы жануарларды молықтырумен, өсірумен, көбейтумен, асыраумен айналысатын жеке және заңды тұлғалар:

      1) ауыл шаруашылығы, үй және асыл тұқымды жануарларды уақытылы бірдейлендіруді;

      2) ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін ауыл шаруашылығы, үй және асыл тұқымды жануарларға уақтылы вакцина егуді және диагностикадан өткізуді;

      3) оның түріне, жасына және физиологиясына сәйкес жануарлардың денсаулығына, әл-ауқатына қамқорлықты және пайдалануды;

      4) айналадағы адамдардың және жануарлардың, сондай-ақ жануарлардың зиян келтіруінен мүліктің қауіпсіздігін;

      5) уақытша оқшаулауды және биостерилизациялауды қолдану жолымен жануарларда қажетсіз тұқымның пайда болуының алдын алу бойынша шаралар қолдануды;

      6) жануарлармен көлік жолдарының жанынан және одан өту кезінде олардың мінез-құлқын тікелей бақылау арқылы жол қозғалысы қауіпсіздігін сақтауды;

      7) санитариялық-гигиеналық және ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) нормалар мен қағидалардың талаптарын сақтауды қамтамасыз етеді.

      24. Жануарлардың иелері:

      1) жануарлардың ауруларының алдын алуды және орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, ветеринария саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген, ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларды сақтай отыра, ветеринариялық және әкімшілік-шаруашылық іс-шараларды жүзеге асыруы;

      2) хайуанаттар бақтарындағы, цирктердегі, омарталардағы, аквариумдардағы жануарларды қоса алғанда, жануарларды асырауды, өсiруді және пайдалануды ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалар мен ветеринариялық нормативтерге сәйкес жүзеге асыруы;

      3) қоршаған ортаның ластануына жол бермей, аумақты, мал шаруашылығы жайларын, сондай-ақ жемшөптi, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты сақтауға және өңдеуге арналған ғимараттарды ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалар мен ветеринариялық нормативтерге сәйкес ұстауы;

      4) асыраумен, өсірумен, пайдаланумен, өндірумен, дайындаумен (союмен), сақтаумен, өңдеу және өткізумен, сондай-ақ орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдаумен (орнын ауыстыруға) байланысты, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерін орналастыру, салу, қайта жаңғырту және пайдалануға беру кезінде ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарды сақтауы;

      5) ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдардың бөлімшелеріне, жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттiк ветеринариялық ұйымдарға, мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау органдарына:

      жаңадан сатып алынған жануар (жануарлар), алынған төл, оның (олардың) сойылғаны мен өткізілгені туралы;

      өлген, бiрнеше жануарлар бiр мезгiлде ауырған немесе олар әдеттен тыс мiнез көрсеткен жағдайлар туралы хабарлауы және ауруға күдіктену кезінде жануарларды ветеринария саласындағы мамандар келгенге дейін оқшаулап асырауға шаралар қабылдауы;

      6) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді ветеринариялық тексеру үшiн мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторларға, мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлерге кедергiсiз беруі;

      7) мемлекеттік ветеринариялық – санитариялық инспекторлардың, мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлердің актілерін орындауы;

      8) жануарларды сату үшін сою алды ветеринариялық тексеру жүргізілмей сойылуға жол берілмеу және жануарлар арнайы мал сою орындарында сойылуы;

      9) ұшалары мен мүшелерiне сойғаннан кейiнгі ветеринариялық-санитариялық сараптама жасамай өткiзуге жол бермеуі;

      10) ұшалары мен мүшелерінің арнайы орындарда сатылуын қадағалауы;

      11) жануарларды карантиндеуді жүргізуі қажет.

      25. Кеміргіштермен күрес бойынша алдын алу іс-шаралары кеміргіштердің жемшөп, тіршілік ету және көбею орындарына жетуіне кедергі келтіретін жағдайлар жасаудан тұрады.

      26. Жануарларды асырау қызметі процесінде пайда болатын биологиялық қалдықтар "Биологиялық қалдықтарды кәдеге жарату, жою қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі №16-07/307 бұйрығымен бекітілген биологиялық қалдықтарды кәдеге жарату, жою қағидаларына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11003 болып тіркелген) жойылуға жатады.

      27. Санитариялық және су қорғау аймақтарының шекараларында ауыл шаруашылығы жануарларын ұстау, өсіру және бағу Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының шарттарына сәйкес белгіленеді.

5. Ауыл шаруашылығы жануарларын бағуды ұйымдастыру

      28. Жергілікті қоғамдастық жиынының хаттамасы негізінде кент, село, ауыл, ауылдық округ әкімдері шешім шығарады және елді мекен жерлерінде жеке сектордың ауыл шаруашылығы малдарын бағуды ұйымдастырады.

      29. Ауыл шаруашылығы пайдаланымындағы жерлерде малдарды бағу жүктемесі, "Жеке қосалқы шаруашылықтарда елді мекендердің шекаралары шегінде мал ұстау және ауыл шаруашылығы пайдаланымындағы елді мекенді жерлерде малдарды бағу жүктемесінің ветеринарлық нормативтерін бекіту" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2008 жылғы 24 қаңтардағы №28 бұйрығымен бекітілген жеке қосалқы шаруашылықтарда елді мекендердің шекаралары шегінде мал ұстаудың және елді мекендер үшін ауыл шаруашылық пайдаланымындағы жерлерде малдарды бағу жүктемесінің ветеринарлық нормативтеріне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5145 болып тіркелген) сәйкес қолданылады.

      30. Көшелерде, алаңдарда, гүлзарларда, темір жол және автомобиль жолдары иелігіндегі аймақтарда, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда, сондай-ақ басқа да ортақ қолданылатын жерлерде ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға жол берілмейді.

6. Қорытынды ережелер

      31. Осы Қағидаларды бұзғаны үшін, жануардың иесі "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Кодексіне сәйкес жауапкершілікке тартылады.

Об утверждении Правил содержания животных на территории населенных пунктов Таласского района

Решение Жамбылского областного маслихата от 6 апреля 2018 года № 22-6. Зарегистрировано Департаментом юстиции Жамбылской области 2 мая 2018 года № 3809. Утратило силу решением маслихата Жамбылской области от 11 декабря 2020 года № 52-7

      Сноска. Утратило силу решением маслихата Жамбылской области от 11.12.2020 № 52-7 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии с Кодексом Республики Казахстан от 5 июля 2014 года "Об административных правонарушениях", пунктом 2-2 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлениии и самоуправлении в Республике Казахстан" и Законом Республики Казахстан от 10 июля 2002 года "О ветеринарии" Жамбылский областной маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила содержания животных на территории населенных пунктов Таласского района.

      2. Признать утратившим силу решение Жамбылского областного маслихата от 14 декабря 2015 года №43-14 "Об утверждении Правил содержания животных в населенных пунктах Таласского района Жамбылской области" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 2911, опубликовано в областной газете "Знамя труда" от 30 января 2016 года).

      3. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на постоянную комиссию Жамбылского областного маслихата по вопросам развития агропромышленности, экологии и природопользования.

      4. Настоящее решение вступает в силу со дня его государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии Секретарь
      областного маслихата областного маслихата
      Г.Нурумова Б. Карашолаков

      Лист согласования к решению Жамбылского областного маслихата "Об утверждении Правил содержания животных на территории населенных пунктов Таласского района" №22-6 от 6 апреля 2018 года

      "СОГЛАСОВАНО"

      Руководитель Жамбылской областной

      территориальной инспекции Комитета

      ветеринарного контроля и надзора

      Министерства сельского хозяйства

      Республики Казахстан

      С.Н.Солтанбеков

      6 апреля 2018 год

      "СОГЛАСОВАНО"

      Руководитель департамента охраны

      общественного здоровья Жамбылской области

      Комитета охраны общественного здоровья

      Министерства здравоохранения

      Республики Казахстан

      Б.К.Жаркынбеков

      6 апреля 2018 год

  Утверждено решением
Жамбылского областного
маслихата от 6 апреля 2018 года
№22-6

Правила содержания животных на территории населенных пунктов Таласского района

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила содержания животных на территории населенных пунктов Таласского района (далее – Правила) разработаны в соответствии с Кодексом Республики Казахстан от 5 июля 2014 года "Об административных правонарушениях", Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Законом Республики Казахстан от 10 июля 2002 года "О ветеринарии" (далее-Закон) в целях обеспечения безопасности населения района и защиты людей от заболеваний, общих для человека и животных. Правила устанавливают порядок содержания, разведения животных и выпаса сельскохозяйственных животных.

      2. В настоящих Правилах используются следующие понятия:

      1) животные – биологические объекты, принадлежащие к фауне: сельскохозяйственные, домашние и дикие животные;

      2) ветеринарные мероприятия - комплекс противоэпизоотических, ветеринарно-санитарных процедур, направленных на предотвращение возникновения, распространения или ликвидацию болезней животных, включая их профилактику, лечение или диагностику; обезвреживание (обеззараживание), изъятие и уничтожение животных, зараженных особо опасными болезнями, представляющими опасность для здоровья животных и человека; повышение продуктивности животных; обеспечение безопасности продукции и сырья животного происхождения, кормов и кормовых добавок, включая идентификацию сельскохозяйственных животных, в целях защиты здоровья животных и человека от заразных болезней, в том числе общих для животных и человека;

      3) идентификация сельскохозяйственных животных – процедура учета животных, включающая присвоение индивидуального номера животным путем использования изделий (средств) для проведения идентификации, таврения с включением сведений о сельскохозяйственном животном в базу данных по идентификации сельскохозяйственных животных и выдачей ветеринарного паспорта;

      4) ветеринарные документы – ветеринарный сертификат, выдаваемый государственными ветеринарно-санитарными инспекторами города республиканского значения, столицы, района, города областного значения на объекты государственного ветеринарно-санитарного контроля и надзора; ветеринарно-санитарное заключение, выдаваемое государственными ветеринарными врачами; ветеринарная справка, выдаваемая специалистом в области ветеринарии государственных ветеринарных организаций, созданных местными исполнительными органами, на животное, продукцию и сырье животного происхождения, об эпизоотической ситуации на территории соответствующей административно-территориальной единицы, а также аттестованным ветеринарным врачом подразделения производственного контроля по определению соответствия животных, продукции и сырья животного происхождения ветеринарным нормативам в порядке, утвержденном уполномоченным органом;

      5) ветеринарный паспорт – документ установленной уполномоченным органом формы, в котором в целях учета животных указываются: владелец, вид, пол, масть, возраст животного;

      6) ветеринарные (ветеринарно-санитарные) правила – нормативный правовой акт, устанавливающий ветеринарные (ветеринарно-санитарные, зоогигиенические) требования к объектам государственного ветеринарно-санитарного контроля и надзора, а также определяющий порядок проведения ветеринарных мероприятий на основе ветеринарных нормативов, являющийся обязательным для исполнения физическими и юридическими лицами;

      7) ветеринарно-санитарная экспертиза – определение соответствия продукции и сырья животного происхождения, кормов и кормовых добавок ветеринарным нормативам комплексом органолептических, биохимических, микробиологических, паразитологических, токсикологических и радиологических исследований;

      8) дезинфекция- комплекс мер по уничтожению возбудителей заразных и незаразных заболеваний;

      9) дезинсекция - комплекс мероприятий по уничтожению насекомых и других членистоногих;

      10) дератизация – комплекс мероприятий по истреблению грызунов;

      11) уполномоченный орган в области ветеринарии (далее - уполномоченный орган) - центральный исполнительный орган, осуществляющий руководство в области ветеринарии, а также в пределах своих полномочий межотраслевую координацию;

2. Порядок регистрации животных

      3. Регистрация животных осуществляется путем их идентификации в целях профилактики заразных и паразитарных заболеваний общих для человека и животных, предупреждения нанесения животными укуса и травм человеку, поиска пропавших животных и регулирования их численности.

      4. Все животные, в том числе: сельскохозяйственные, домашние, дикие, а также требующие особой ответственности владельцев хищные и ядовитые животные, принадлежащие физическим и юридическим лицам, независимо от формы собственности, - подлежат учету и регистрации в аппаратах акимов сел и сельских округов.

      5. При регистрации и перерегистрации владельцы представляют следующие данные: документ, удостоверяющий личность владельца, сведение о местожительстве, номер контактного телефона, вид и породу, пол, кличку, дату рождения, окрас, особые признаки или описание животного.

      6. Каждому зарегистрированному животному выдается идентификационный номер и ветеринарный паспорт, действующий в течение всей продолжительности жизни животного. Присвоение идентификационного номера производится путем биркования, чипирования или таврения.

      7. При регистрации владельцы животных должны быть ознакомлены с настоящими Правилами. Факт ознакомления удостоверяется подписью владельцев животных в книге регистрации.

      8. При приобретении или перемене места жительства владельцев животные должны быть зарегистрированы в двухнедельный срок по новому месту регистрации владельцев.

      9. При гибели животного и при убое сельскохозяйственных животных ветеринарный паспорт и носитель идентификационного номера сдаются в орган или учреждение, ранее зарегистрировавшее данное животное.

      10. Регистрирующий орган информируется о выбытии (продаже, пропаже, убое, гибели, передаче другому лицу) животного в двухнедельный срок для снятия с учета или перерегистрации.

3. Купля, продажа и перевозка животных

      11. Запрещается торговля животными в неустановленных местах и без ветеринарных документов.

      12. Вывоз животных за пределы района осуществляется при наличии ветеринарного паспорта и ветеринарной справки установленного образца с отметками о проведенных ветеринарных обработках, которые выдаются государственной ветеринарной организацией, созданной местным исполнительным органом района.

      13. Ввоз и вывоз животных из иностранных государств на территорию района осуществляется в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан, с разрешения уполномоченного органа в области ветеринарии.

4. Порядок содержания животных

      14. Сельскохозяйственные животные должны содержатся в специально оборудованных (закрытых) помещениях, расположенных на расстоянии от жилых домов, квартир, школ, лечебных и детских учреждений, парков, зоопарков, стадионов, предприятий общественного питания, торговли, пищевой промышленности, мест массового отдыха, оздоровительных детских лагерей, домов отдыха, санаториев, искусственных водоемов, артезианских колодцев и от берегов рек и их притоков в соответствии с санитарными правилами Санитарно-эпидемиологических требовании по установлению санитарно-защитной зоны производственных объектов утвержденный приказом Министра национальной экономики Республики Казахстан от 20 марта 2015 года № 237 "Об утверждении Санитарных правил "Санитарно-эпидемиологические требования по установлению санитарно-защитной зоны производственных объектов" (зарегистрированного в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 11124).

      15. В частных подворьях при соблюдении ветеринарно-санитарных правил допускается содержание сельскохозяйственных животных в специально оборудованных местах.

      16. Животные, находящиеся в санитарных, в водоохранных зонах, на улицах, площадях, скверах, сельхозяйственных угодиях, других общественных местах общего пользования без сопровождающих лиц, считаются безнадзорными животными и подлежат загону до выявления владельца в специально оборудованные места для временного содержания, определенные акимом, поселка, села, аульного округа.

      17. В случае если местоприбывание собственника животных неизвестно, лицо задержавшее животных не позднее трех дней с момента такого задержания, заявляет об обнаружении животных в органы внутренних дел и акиму поселка, села, аульного округа, который принимает меры к розыску собственника.

      18. На период розыска собственника, животные могут быть оставлены лицом их задержавшим, у себя на содержании и в пользовании, либо сданы им на содержание в специально оборудованные места для временного содержания.

      19. Если в течение шести месяцев с момента заявления о задержании крупных животных (крупный рогатый скот, лошади, верблюды) и двух месяцев - других домашних животных их собственник не будет обнаружен и не заявит о своем праве на них, право собственности на этих животных переходит к лицу, у которого они находились на содержании и в пользовании. При отказе этого лица от приобретения в собственность содержавшихся у него животных, они поступают в коммунальную собственность.

      20. В случае явки прежнего собственника животных после их перехода в собственность другого лица, порядок возврата задержанных безнадзорных животных владельцам и ответственность владельцев определяется статьей 246 Гражданского кодекса Республики Казахстан от 27 декабря 1994 года.

      21. В квартирах жилищного фонда района и сельских, аульных округов (многоквартирные жилые дома) не допускается содержание сельскохозяйственных и диких животных.

      22. Содержание животных и птиц в зооуголках детских дошкольных учреждений, школ и других организациях и учреждениях допускается по согласованию с местным исполнителным органом осуществляющих деятельность в области государственного ветеринарно-санитарного контроля и надзора.

      23. Физические и юридические лица, занимающиеся воспроизводством, выращиванием, разведением, содержанием сельскохозяйственных, домашних и диких животных, включая племенных животных обеспечивают:

      1) своевременную идентификацию сельскохозяйственных, домашних и племенных животных;

      2) своевременную вакцинацию и диагностику сельскохозяйственных, домашних и племенных животных для обеспечения ветеринарно-санитарной безопасности;

      3) заботу о здоровье, благосостоянии и использовании животного в соответствии с его видом, возрастом и физиологией;

      4) безопасность окружающих людей и животных, а также имущества от причинения вреда животными;

      5) применение мер по предотвращению появления нежелательного потомства у животных путем применения временной изоляции и биостерилизации;

      6) обеспечение безопасности дорожного движения при прохождении с животным возле транспортных путей и при их переходе путем непосредственного контроля его поведения;

      7) соблюдение требований санитарно-гигиенических и ветеринарных (ветеринарно-санитарных) норм и правил. 

      24. Владельцам животных необходимо:

      1) осуществлять ветеринарные и административно - хозяйственные мероприятия с соблюдением ветеринарных (ветеринарно-санитарных) правил, установленных законодательством Республики Казахстан в области ветеринарии, обеспечивающих предупреждение болезней животных и безопасность перемещаемых (перевозимых) объектов; 

      2) осуществлять содержание, разведение и использование животных, включая животных в зоопарках, цирках, на пасеках, в аквариумах, в соответствии с ветеринарными (ветеринарно-санитарными) правилами и ветеринарными нормативами;

      3) содержать территорию, животноводческие помещения, а также сооружения для хранения и переработки кормов, продукцию и сырье животного происхождения в соответствии с ветеринарными (ветеринарно-санитарными) правилами и ветеринарными нормативами, не допуская загрязнения окружающей среды;

      4) соблюдать ветеринарные (ветеринарно-санитарные) требования при размещении, строительстве, реконструкции и вводе в эксплуатацию объектов государственного ветеринарно-санитарного контроля и надзора, связанных с содержанием, разведением, использованием, производством, заготовкой (убоем), хранением, переработкой и реализацией, а также при транспортировке (перемещении) перемещаемых (перевозимых) объектов;

      5) извещать подразделения местных исполнительных органов, осуществляющих деятельность в области ветеринарии, государственные ветеринарные организации, созданные местными исполнительными органами, органы государственного ветеринарно-санитарного контроля и надзора:

      о вновь приобретенном (приобретенных) животном (животных), полученном приплоде, его (их) убое и реализации;

      о случаях падежа, одновременного заболевания нескольких животных или об их необычном поведении и до прибытия специалистов в области ветеринарии принять меры к изолированному содержанию животных при подозрении в заболевании; 

      6) беспрепятственно предоставлять государственным ветеринарно-санитарным инспекторам, государственным ветеринарным врачам для ветеринарного осмотра перемещаемых (перевозимых) объектов;

      7) выполнять акты государственных ветеринарно-санитарных инспекторов, государственных ветеринарных врачей;

      8) не допускать убоя животных для реализации без предубойного ветеринарного осмотра и произвести убой в специальных убойных площадках;

       9) не допускать реализацию туш и органов без послеубойной ветеринарно-санитарной экспертизы;

      10) контролировать реализацию туш и органов в специальных местах;

      11) проводить карантинирование животных.

      25. Профилактические мероприятия по борьбе с грызунами заключаются в создании условий, препятствующих доступу грызунов к кормам, местам обитания и размножению.

      26. Биологические отходы, возникающие в процессе деятельности содержания животных, подлежат уничтожению в соответствии с правилами утилизации, уничтожения биологических отходов утвержденный приказом Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 6 апреля 2015 года № 16-07/307 "Об утверждении Правил утилизации, уничтожения биологических отходов" (зарегистрированного в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 11003).

      27. Разведение и выпас сельскохозяйственных животных на границах санитарных и водоохранных зон определяются в соответствии с условиями действующего законодательства Республики Казахстан

5. Организация выпаса сельскохозяйственных животных

      28. На основании протокола схода местного сообщества акимы поселка, села, сельского, аульного округа, принимают решение и организуют выпас сельскохозяйственных животных индивидуального сектора на землях населенного пункта.

      29. Нагрузки выпаса животных на землях сельскохозяйственного назначения, применяются в соответствии с ветеринарными нормативами по содержанию животных в личных подсобных хозяйствах в пределах границ населенных пунктов и нагрузки выпаса сельскохозяйственных животных на землях сельскохозяйственного назначения, отведенных для населенных пунктов утвержденный приказом Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 24 января 2008 года № 28 "Об утверждении ветеринарных нормативов по содержанию животных в личных подсобных хозяйствах в пределах границ населенных пунктов и нагрузки выпаса животных на землях сельскохозяйственного назначения, отведенных для населенных пунктов" (зарегистрированного в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 5145).

      30. На улицах, площадях, скверах, в зонах отчуждения железных и автомобильных дорог, особо охраняемых природных территориях, а также в других местах общего пользования выпас сельскохозяйственных животных не допускается.

6. Заключительные положения

      31. За нарушение настоящих Правил, владелец животного несет ответственность в соответствии с Кодексом Республики Казахстан от 5 июля 2014 года "Об административных правонарушениях".