РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде тұпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына, "Қазақстан Республикасындағы тiл туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шiлдедегі Заңына сәйкес, тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып және 2018 жылғы 19 сәуірдегі облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Жамбыл облысының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жамбыл облысының мынадай ауылдық округі мен ауылдары:
1) Тұрар Рысқұлов ауданы Новосель ауылдық округі Ақниет ауылдық округі;
2) Тұрар Рысқұлов ауданы Новосель ауылдық округінің Юбилейное ауылы Дінмұхамед Қонаев ауылы;
3) Шу ауданы Төле би ауылдық округінің Зверохозяйство ауылы Көкжиек ауылы болып қайта аталсын.
2. Осы нормативтік құқықтық актінің орындалуын бақылау Жамбыл облыстық мәслихатының экономика, бюджет, салық және жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына және облыс әкімінің орынбасары Е.Манжуовқа жүктелсін.
3. Осы нормативтік құқықтық акті әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс Әкімі | Облыстық мәслихаттың |
А. Мырзахметов | сессиясының төрағасы |
М. Сәрсенов | |
Облыстық мәслихаттың | |
хатшысы | |
Б. Қарашолақов |