РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы ономастика комиссиясының 2017 жылғы 24 қарашадағы қорытындысы негізінде және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ботамойнақ ауылдық округінің Байзақ ауылының көше атаулары өзгертілсін:
1) ТСФ көшесі Жеңіс көшесіне;
2) МТШ көшесі Жеті төбе көшесіне;
3) Талас көшесінің 2 бұрылысын Ақбұлақ көшесіне.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ботамойнақ ауылдық округі әкімінің орынбасары Байдилдаева Толкынай Амирбековнаға жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округінің әкімі | Е. Заурбеков |