РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде тұпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы ономастика комиссиясының 2018 жылғы 19 сәуірдегі қорытындысы негізінде және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып Диқан ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Диқан ауылдық округінің Жеңіс ауылындағы көше атаулары өзгертілсін:
1) Школьная көшесі Мәңгілік ел көшесіне;
2) Ленин көшесі Тәуелсіздік көшесіне;
3) Клубная көшесі Алаш көшесіне;
4) Набережная көшесі Көкөзек көшесіне.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім әділет органдарына мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Диқан ауылдық округінің әкімі | Н.Мекебаев |