РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде тұпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабы, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес және 2017 жылдың 24 қарашада өткен Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы ономастика комиссия отырысының қорытындысы негізінде, тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Нұрлыкент ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Нұрлыкент ауылдық округінің Нұрлыкент ауылындағы Больничный бұрылысы Тұран көшесі болып өзгертілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Нұрлыкент ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Танатов Батыржан Орынбасарұлына жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарына мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Нұрлыкент ауылдық | |
округінің әкімі | К. Хайралапов |