РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде тұпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік- аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы ономастика комиссиясының 2018 жылғы 19 сәуірдегі қорытындысы негізінде және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Степной ауылдық округінің Степной ауылындағы Первомайская көшесінің атауы Саябақ көшесі болып өзгертілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Степной ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Бике Абдыевна Караджановаға жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарына мемлекеттік тіркелгеннен күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округінің әкімі | Ж.Спанов |