РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде тұпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27 бабына сәйкес, Меркі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Меркі аудандық мәслихаты аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" Меркі аудандық мәслихатының 2014 жылғы 24 маусымдағы №30-4 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2281 болып тіркелген, 2014 жылғы 05 шілдеде "Меркі тынысы – Меркенский вестник" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Меркі аудандық мәслихатының әлеуметтік – экономикалық, қаржы, бюджет пен салық және жергілікті өзін-өзі басқару, индустриялық инновациялық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат | Аудандық мәслихат |
сессиясының төрағасы | хатшысы |
Н. Сейсенбаев | І. Ахметжанов |