РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы ономастика комиссиясының 2017 жылғы 24 қарашадағы қорытындысы негізінде және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Новосель ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Новосель ауылдық округінің Юбилейное, Абылхайыр ауылдарындағы көше атаулары өзгертілсін:
Юбилейное ауылы бойынша:
1) Молодежная көшесі – Жастар;
2) Ворошилова көшесі – Болашақ;
3) Юбилейная көшесі – Бейбітшілік;
4) Киевская көшесі – Ұлы дала;
5) Октябрьская көшесі – Көктем;
6) Комсомольская көшесі – Бәйтерек;
7) Алматинская көшесі – Алматы;
8) Шевченко көшесі – Бірлік.
Абылхайыр ауылы бойынша:
1) Озерная көшесі – Айдын;
2) Набережная көшесі – Береке;
3) Октябрьская көшесі – Тыныштық;
4) Молодежная көшесі – Әділет.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Новосель ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Бекбосынова Мира Шарипхановнаға жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауыл әкімі | Е. Шабеев |