РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 35 бабына 4) тармақшасына сәйкес, Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы ономастика комиссиясының 2017 жылдың 24 қарашадағы қорытындысы негізінде және тиiстi аумақ халқының пiкiрiн ескере отырып ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Абай ауылдық округінің Көкарық ауылындағы жаңа көшеге "Самал" атауы берілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Абай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Г. Кулдыбаевқа жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округ әкімі | М. Арыстамбеков |