РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, 2017 жылғы 24 қарашадағы Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Тоғызкент ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Тоғызкент ауылдық округінің Әбілда ауылындағы "Мектеп" көшесі "Атақоныс" көшесіне, "Орталық" көшесі "Елімбай" көшесіне өзгертілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Тоғызкент ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы А. Баймаханбетоваға жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округ әкімі | Д. Баймбетов |