РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде тұпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 12 бабының 5-1) тармақшасына сәйкес, Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы ономастика комиссиясының 2018 жылғы 19 сәуірдегі қорытындысы негізінде және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қаратау қаласындағы "Абрикосовая" көшесі - "Алмалы" көшесіне, "БерҰзовая" көшесі - "Аққайың" көшесіне, "Весенняя" көшесі - "Көктем" көшесіне, "ВишнҰвая" көшесі - "Шиелі" көшесіне, "ОзҰрная" көшесі – "Жетісу" көшесіне, "Розовая" көшесі – "Қызылтаң" көшесіне, "Ягодная" көшесі – "Жиделі" көшесіне, "Олимпийская" көшесі - "Лашын" көшесіне, "Садовая" көшесі – "Көкорай" көшесіне, "Зеленая" көшесі - "Жайсаң" көшесіне өзгертілсін.
2. Осы нормативтік құқықтық актінің орындалуын қадағалау аудандық мәслихаттың тұрғындардың әлеуметтік-құқықтық қорғау және мәдениет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Рашид Мадибекович Сейдалиевке және аудан әкімінің орынбасары Кәдірбек Рысқұлбекұлы Садубаевқа жүктелсін.
3. Осы нормативтік құқықтық акт әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Д.Алиев |
Сессия төрағасы | Г.Картабаев |
Мәслихат хатшысы | А.Тулебаев |