Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" заңдарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының 2017 жылғы 27 қарашадағы, Қарағанды облысы әкімдігінің жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2017 жылғы 6 желтоқсандағы және 2018 жылғы 7 ақпандағы қорытындылары негізінде Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қарағанды облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Нұра ауданының келесі ауылдық округтері:
Захар ауылдық округі – Ақмешіт ауылдық округі;
Новокарповка ауылдық округі – Байтуған ауылдық округі;
Энтузиаст ауылдық округі – Ахмет ауылдық округі;
Черниговский ауылдық округі – Көбетей ауылдық округі деп қайта аталсын.
2. Шет ауданы Көктіңкөлі ауылдық округінің Целинное ауылы Ақжол ауылы деп қайта аталсын.
3. Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы ауданының шағын аудандарына және көшесіне келесі атаулар:
1) Бауыржан Момышұлы көшесінің оңтүстік-шығысына, Тәттімбет көшесінің оңтүстік-батысына, Республика даңғылының солтүстік-шығысына, Кеншілер даңғылының солтүстік-батысына қарай орналасқан, жаңадан тұрғызылған шағын ауданға – Бәйкен Әшімовтің есімі;
2) Гапеев көшесі мен Спасск тас жолының шығысына, Бұқар жырау ауданының Үштөбе селолық округі аумағының батысына қарай орналасқан, атауы жоқ шағын ауданға – "Күнгей" атауы;
3) Тәттімбет көшесінің шығысына, Кеншілер даңғылының оңтүстік-шығысына, Бұқар жырау ауданының Үштөбе селолық округі аумағының солтүстік-батысына қарай орналасқан, жаңадан тұрғызылған шағын ауданға – "Таугүл" атауы;
4) Республика даңғылының шығысына, Штурманская көшесінің оңтүстігіне, Тәттімбет көшесінің батысына қарай орналасқан, жаңадан тұрғызылған шағын ауданға – "Алтын арқа" атауы;
5) Республика даңғылының оңтүстік-батысына, Кувская көшесінің оңтүстік-шығысына, Волочаевская көшесінің солтүстік-батысына қарай орналасқан, жаңадан тұрғызылған шағын ауданға – "Оазис" атауы;
6) Ермеков көшесінің оңтүстік-шығысына, Крамской көшесінің солтүстік-шығысына, "Қарағанды-Пассажирская – Қарағанөзек" аралығының солтүстік-батысына қарай орналасқан, жаңадан тұрғызылған шағын ауданға – "Астана" атауы;
7) Гудермесская көшесінің оңтүстік-шығысына, Бауыржан Момышұлы көшесінің солтүстік-батысына, Республика даңғылының солтүстік- шығысына қарай орналасқан, жаңадан тұрғызылған шағын ауданға – "Шапағат" атауы;
8) Тәттімбет көшесінің шығысына, Кеншілер даңғылының оңтүстік-шығысына, Бұқар жырау ауданының Үштөбе селолық округі аумағының солтүстік-батысына қарай орналасқан, жаңадан тұрғызылған шағын ауданның 1-ші көшесіне – Жантөре Әбішевтің есімі берілсін.
4. Сәтбаев қаласының келесі көшелері:
Комаров көшесі – Мәңгілік Ел көшесі;
Первостроителей көшесі – Алаш көшесі деп қайта аталсын.
5. Приозерск қаласының келесі көшелері:
Береговая көшесі – Бастау көшесі;
Весеняя көшесі – Сарыарқа көшесі;
Озерная көшесі – Алаш көшесі;
Лесная көшесі – Ынтымақ көшесі;
Строительная көшесі – Бірлік көшесі;
Госпитальная көшесі – Таңшолпан көшесі;
Комсомольская көшесі – Тұмар көшесі;
Полевая көшесі – Шұғыла көшесі;
Производственная көшесі – Керуен көшесі;
Промышленная көшесі – Тұран көшесі;
Хозяйственная көшесі – Қайнар көшесі деп қайта аталсын.
6. Осы Қарағанды облысы әкімдігінің және Қарағанды облыстық мәслихатының бірлескен қаулысы және шешімінің орындалуын бақылау Қарағанды облысы әкімінің жетекшілік жасайтын орынбасарына және Қарағанды облыстық мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясына (С.М. Әдекенов) жүктелсін.
7. Осы Қарағанды облысы әкімдігінің және Қарағанды облыстық мәслихатының бірлескен қаулысы және шешімі алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қарағанды облысының әкімі | Е. Қошанов |
Қарағанды облыстық | |
мәслихаты сессиясының төрағасы | М. Ибатов |
Қарағанды облыстық | |
мәслихатының хатшысы | С. Өтешов |