Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облыстық мәслихатының 15.07.2022 № 227 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 31 қазандағы Заңының 24-бабының 1) тармақшасына сәйкес Қарағанды облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қарағанды облысы бойынша іске асырылуы жоспарланған жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | М. Абайділдинов |
Облыстық мәслихаттың хатшысы | С. Өтешов |
Қарағанды облыстық мәслихатының XVсессиясының 2018 жылғы 4 мамырдағы №308 шешіміне қосымша |
Қарағанды облысы бойынша іске асырылуы жоспарланған жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесі
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қарағанды облыстық мәслихатының 25.02.2021 № 38 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
1. Бұқар жырау ауданындағы Көкпекті ауылында "Нұр - Сәби" жеке меншік балабақшасын жөндеу және пайдалану.
2. Қарағанды облысының Қарағанды қаласында сырғанау айдынын пайдалану.
3. Қарағанды қаласында гематология орталығын ашу.
4. Саран қаласында гемодиализ орталығын ашу.
5. Жезқазған қаласында балаларды оңалту орталығын ашу.
6. Теміртау қаласында оңалту орталығын ашу.
7. Жезқазған қаласында оңалту орталығын ашу.
8. Жаңаарқа ауданында гемодиализ орталығын ашу.
9. Қарағанды қаласының "Дарынды бала 4" балабақшасы.
10. Қарағанды облысы Шет ауданының Ақсу - Аюлы ауылында 50 орынға арналған балабақша ашу.
11. Қарағанды облысы Шет ауданының Ақсу - Аюлы ауылында 40 орынға арналған балабақша ашу.
12. Қарағанды облысы Шет ауданының Ақсу - Аюлы ауылында 75 орынға арналған балабақша ашу.
13. Қарағанды қаласында 300 орынға арналған облыстық көпсалалы аурухана салу және пайдалану.
14. Қарағанды облысының медицина ұйымдарын цифрлық медициналық жабдықпен жарақтандыру.
15. Қарағанды қаласында "Ожет" спорт кешенін пайдалану.
16. Жезқазған қаласында "Таеквондо орталығын" пайдалану.
17. Қарағанды қаласының тұрғындарына мемлекеттік және ағылшын тілдерін оқыту қызметтерін көрсету.
18. Сәтбаев қаласында гемодиализ орталығын ашу.
19. Қарағанды облысының ауылдық денсаулық сақтау объектілерінде интернет желісіне қолжетімдік үшін спутниктік хабарлар арнасын ұйымдастыру.
20. Қарағанды қаласы Октябрь ауданының 11а шағын ауданында емхана салу және одан әрі пайдалану.
21. Қарағанды қаласының Октябрь ауданында (Пришахтинск) Балалалар емханасын ашу.
22. Қарағанды қаласында оңалту орталығын ашу.
23. Қарағанды облысының Шахтинск қаласында 25 орынға арналған балабақша ашу.
24. Қарағанды қаласының Октябрь ауданында емхана ашу (Восток - 2 ықшам ауданы).
25. Қарағанды қаласында позитронды-эмиссиялық томография орталығын ашу.
26. Жезқазған өңірінің медициналық ұйымдары үшін орталықтандырылған медициналық зертхана ашу.
27. Қарағанды қаласында маммологиялық орталық ашу.
28. Қарағанды қаласының Степной 2 шағын ауданында емхана ашу.
29. Балқаш қаласының Злиха Сабитова шағын ауданында емхана салу және одан әрі пайдалану.
30. Қарағанды қаласында магнитті - резонансты томография кабинетін ашу.
31. Абай, Қарқаралы, Осакаров аудандарында гемодиализ орталықтарын ашу.
32. Қарағанды облысының ауылдық денсаулық сақтау объектілерін интернетке қол жеткізу үшін деректерді берудің спутниктік арналарымен қамтамасыз ету.
33. Қарағанды қаласында клиникалық-диагностикалық зертхана ашу.
34. Теміртау қаласында балаларды оңалту инклюзивті орталығын ашу.
35. Қарағанды қаласында сәулелі терапия орталығын ашу.
36. Балқаш қаласында оңалту орталығын ашу.
37. Балқаш қаласында бактериологиялық медициналық зертхана ашу.
38. Қарағанды облысының бес медициналық мекемесінің ас блоктарын жаңғырту және пайдалану үшін беру.